Қазақстан ДСҰ-ға мүше болды

Осы апта еліміз үшін маңызы зор дүбірлі оқиғамен есте қалды. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылданды. Дүниежүзілік сауда ұйымының елімізді өз қатарына ресми қабылдау шарасы Швейцарияның Женева қаласында ұйымның штаб-пәтерінде өтіп, шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Осыған дейін бұл Ұйымның қатарында 161 ел бар еді. Енді, міне, ­162-нші ел болып біз қосылып отырмыз. Бұл еліміз үшін жарқын істерге жол ашары айдай анық.

Кеше Дүниежүзілік сауда ұйымының ғимаратында осы Ұйымның елдерді мүшелікке қабылдау жөніндегі департаментінің директоры Чиеду Осакве бұл күнді Қазақстан үшін өте маңызды күн деп атады. Оның айтуынша, кез келген елдің ДСҰ-ға мүше болып енуі оның экономикасына үлкен өзгерістер әкелуі тиіс. «Биылғы жыл – ДСҰ үшін де маңызды жыл. Өйткені, осы жылы біздің Ұйымның құрылғанына жиырма жыл болмақ. ДСҰ осы аралықта, яғни 1995-2015 жылдар аралығында әлемнің көптеген елдерін өз қатарына мүшелікке қабылдаса, енді, міне, Қазақстан Республикасы қабылданғалы отыр. Осы жөніндегі келіссөздер үдерісін жүргізу барысында Қазақстан Президенті бұл мәселеге үлкен мән беріп, икемділік пен дипломатиялық шеберлік танытты. Келіссөздердің әрбір сәтін қадағалап отырды. Бұл – дұрыс саясат. Өйткені ДСҰ-ға қосылу дегеніміз – жаһандық экономикаға қосылу деген сөз. Енді ДСҰ-ға қосылу арқылы қазақстандық кәсіпкерлер де жаһандық экономика жағдайында жұмыс істей бастайды. Оларға енді өздерін жарыс жолындағы спортшылардай сезінуге тура келеді. Өйткені жаһандық экономикада бәсекелестік күшті. Бұл, әрине, тек кәсіпкерлерге ғана қатысты емес. Кез келген үкімет, халық бәсекеге қабілетті болуы керек. Осы жолда мен сіздердің елдеріңізге үлкен табыстар тілеймін» деді Ч.Осакве.
Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтеріне келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Ұйымның Бас директоры Роберто Азеведомен кездесті. Тараптар кездесу барысында Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі келіссөздердің сәтті аяқталғаны туралы пікірлер алмасты. Елбасы «Қазақстан – 2050» ұзақ мерзімдік даму стратегиясындағы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ сыртқы сауданы одан әрі дамыту, шетелдік инвесторлармен іс-қимылдарды кеңейту тұрғысында республикамыздың ДСҰ-ға қосылуының маңыздылығын атап көрсетті.
Мұнан кейін ДСҰ Бас кеңесінің отырысы басталды. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша Жұмыс тобының төрағасы, Финляндия елшісі Веса Химанен өз сөзінде келіссөздер барысында Қазақстанның 50-ден астам жаңа заң қабылдап, Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында қабылданған 10-нан астам халықаралық келісімдерге түзету енгізгендігін атап көрсетті. «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен заңдар жөніндегі алға жылжушылық және Қазақстанның ЕАЭО бойынша әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі соңғы жылдары біздің жұмысымызды айтарлықтай жылдамдатты. Қазақстанның құжаттар топтамасы – бұл жоғары сапалы құжаттар топтамасы» деді өз сөзінде В.Химанен. ДСҰ Бас директоры Роберто Азеведо Қазақстанның аталған Ұйымға кіру жөнінде келіссөздер үдерісі барысында Президент Назарбаевтың көшбасшылық қырлары айқын көрінгендігін айтып, жоғары баға берді. Бұл – Қазақстан үшін де, ДСҰ үшін де шынымен тарихи күн.  Ұйымға кірудің артықшылықтары – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту.  Қазақстан үшін бұл сіздердің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктеріңіз бен жұмсаған күш-жігерлеріңіздің мойындалуы. Бұл – реформалардың кешенді бағдарламасының қисынды нәтижесі, Қазақстанның бизнес үшін ашық екені туралы бүкіл әлемге жолдауы. Бұл күн ДСҰ үшін де айшықты болып табылады. Қазақстанның қосылуы біздің пікірталастарымызға қуатты әрі беделді үн қосады, Ұйымды Орталық Азияның жүрегіне жақындатады, – деп атап өтті Р.Азеведо.
Отырыста Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Елбасы өзінің сөзінде ДСҰ-ға мүше барлық елдерге, Ұйым хатшылығына келіссөздер барысындағы сындарлы ұстанымдары мен қолдауы үшін, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобындағы төрағалықты қолдағаны үшін Финляндия Үкіметіне алғысын білдірді. Елбасы Қазақстан үшін бұл оқиғаның тарихи мәні зор екенін айтты. Келіссөздерді жүргізген он тоғыз жыл уақыттың ішінде Қазақстан экономикасының елеулі өзгеріске түскендігін жеткізді.
Біріншіден, ол қуатты да ашық бола түсті. ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 18 есе өсіп, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне жетті. Сыртқы сауда көлемі 120 миллиард долларды құрады. Сыртқы сауда айналымының 90 пайыздан астамы ДСҰ қатарындағы елдермен жасалады. Сауда қатынасының географиясы да әлдеқайда кеңейе түсті. «Егер тоқсаныншы жылдардың ортасында Қазақстан тек посткеңестік елдермен ғана сауда қатынасын жасаса, бүгінгі күні біз әлемнің 185 елімен сауда жасаймыз. Еуропалық одақ Қазақстанның негізгі экономикалық әріптесі болып табылады. Біздің саудамыздың 40 пайыздан астамы соның үлесіне тиеді. Ресей, Қытай, АҚШ, Канада және басқа да бірқатар елдер Қазақстанның сауда айналымына едәуір үлес қосуда» деп атап көрсетті Қазақстан Президенті. Екіншіден, Қазақстан экономикасының құрылымы да үлкен өзгерістерге түсті. Бүгінгі күні еліміздің ішкі жалпы өнімінің 54 пайызын қызмет көрсету саласы қамтамасыз етіп отыр. Бұлар қаржы, телекоммуникация, құрылыс, энергетика, көлік салалары. «ДСҰ аясында қаржы қызметін ырықтандыру «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру үдерісімен бір мезгілде қабаттаса жүргізіледі. Ол Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының негізіне айналады, мұнан кейін бүкіл өңірдің қаржы хабы болады деп есептейміз. Қазақстан барлық елдерді осы жобаға қатысуға шақырады. ДСҰ аясында ырықтандырылып, қолжетімді бола түсетін жоғары табысты саланың бірі – телекоммуникация. Біз шетелдік инвесторларды осы нарыққа шақырамыз. Олардың жұмысы қызметтің бағасын төмендетіп, сапасын арттыра түсуге ықпал етеді деп үміттенеміз» деген Елбасы Қазақстанның теңізге шығатын жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет екендігін жеткізді. Сондықтан елге көліктік инфрақұрылымдар мен көліктік-логистикалық қызметтерді дамыту өмірлік маңызға ие болып отыр.
Қазақстан басшысы өткен жылы «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Сая­саты қабылданғанын айтып өтті. Ол қазіргі заманғы көлік және энергетикалық инфрақұрылымдарды қалыптастыруға арналған. Осының негізінде 7 мың шақы­рымдық автожол қайта жаңғыртылатын болады. «2019 жылға таман біз ірі қалалар арасындағы жолға кететін уақытты үштен біріне қысқартуды ұйғарып отырмын» деді Нұрсұлтан Назарбаев осы орайда.
Отырыс қорытындысында мүше елдер өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның ДСҰ-ға қабылданғандығы туралы хаттама әзірленді. Оны енді Парламентіміз ратификациялауы керек. Сол кезден бастап біз ДСҰ-ның толыққанды мүшесіне айналамыз. Әрине, көрінген таудың алыстығы жоқ. Оның үстіне, ДСҰ өз тарапынан бізді мүшелікке қабылдады. Енді қалғаны Қазақстанның өзінің ішкі рәсімдік мәселелері. Сондықтан бұл сәтті шынайы тарихи сәт деп айтатынымыз айқын.

Ақбота ИСЛӘМБЕК

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Рустем Досымкулов

    Құрметті отандастар!
    Алға қоюға тиісті басты мақсатымыз – ары қарайғы қайта құрудың, жаңарудың және жаңғырудың курстарын қоғамымыздың, еліміздің барлық азаматтарының жұмылдырылған мақсатына айналдыру.
    Қазақстан жерінде өмір сүретін әр адамның жасалып жатқанның және жасалуға тиістінің барлығы ол үшін, оның отбасы, балалары үшін, елінің гүлденуі үшін екенін түсінгені өте маңызды.
    Сондықтан, құқықтық мәдениетті және құқықтық танымды, саяси белсенділікті және азаматтық жауапкершілікті жоғарылатуға күш салуымыз қажет.
    Ең алдымен, қатаң өмірлік ұстаным мен сенімге ие адамды басқаның еркіне бағындыру және оны жалған жолға бағыттау мүмкін емес.
    Барлық азаматтарымыз, жаңа өмірге қадам басқан жастарымыз осы қарапайым шындықты түсінеді деген ойдамын.
    Істің мәні – бұл басты мәселе, құқықтық мемлекеттің маңызды элементі және демократиялық өзгерістер мен қоғам жаңаруының шешуші шарты.
    Осы бағыттағы істің көпшілігі елдің мемлекеттік, қоғамдық және биліктен тыс құрылымдар, мектептер, оқу орындары арқылы жасалып жатыр.
    Масштаб, деңгей, сапа және бастысы, осы жұмыстың нәтижелілігі уақыт талабына сай келе бермейтінін мойындау керек.
    Меніңше, мемлекеттің жетілуі – үздіксіз үрдіс екенін барлығымыз түсінуге тиіспіз. Онда – тек өткен уақыттағы ғана емес, сонымен қатар, бізден алыстап бара жатқан мемлекет құрылуын жақындататын жаңа жасалулар бар, және біз өз болмысымызбен мемлекет құрудың қуанышы мен мәнін түсінеміз.
    Зияткерлік құндылықтары басым, шарықтап бара жатқан жаһанданудың, әлемдік нарықтағы бәсекенің ғасыры – ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Жеткен жетістігінде тоқтап қалмай және масайрауға елікпей, өзгергіш әлемнен қалмай келе жатқан, қалыптасқан жағдайға айқын баға беретін, қауіп-қатерді жоюға байланысты қажет шараларды жүргізетін ел ғана ұтады.
    Сондықтан, елде жүзеге асырылып жатқан реформалардың заң шығарушы, құқықтық және нормативтік базаларын тереңдету және кеңейтуді ұйымдастыру қажет деп санаймын, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс саласында; соттық-құқықтық жүйеде; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету облысында; сайлау заңнамасының демократиялануы; азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен нығаюы, және, елде жүргізіліп жатқан нарықтық реформалар мен нарықтық инфрақұрылымның тиімділігін және нәтижелілігін арттыру саласында.
    Осының барлығы алға қойған мақсатымызға – дамыған демократиялық мемлекеттер қатарына қосылуға, халқымызға лайықты өмір жағдайлары мен әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуды қамтамасыз етуге жету үшін қажет.
    Құрметті достар!
    Енді сіздермен 2016 жылды қалай атайтынымызды анықтап, ой бөлісу қажет.
    Бұл сұраққа көшпес бұрын, жаңа аттаған жылға нақты атау беру – шешуі жаңа кезеңде адамдардың ойы мен мүддесін бейнелей отырып, маңызды өмірлік мағынаға ие болатын өте басым мәселелерді анықтаумын тығыз байланысты екенін тағы да нақтылап алайық.
    Алдымызда көптеген маңызды мәселелер барын ескере отырып, соның ішінде ең маңызды, ең көкейтестісін анықтаймыз, ол – орындауда негізін қалаушы тасы болып саналатын халық пен елдің, адамның мүддесі.
    Бүгінде өмірге қадам басқан әр адамның мамандыққа ие болуға, өмірде өз орнын табуға, отбасылы болуға ұмтылатынын айту шарт емес.
    Сонымен қатар, отбасы мәңгілік өмірдің нышаны екендігін де айту шарт емес. Өмірге келген балалар – тегіміздің жалғасы, әр ата-ана өз балаларының болашағы жайлы ойлаумен өмір сүреді.
    Бүгінде, реформаларымыздың мәні мен мазмұнын білдіретін басты стратегиялық мақсатымыз – мықты әлеуметтік саясаты бар нағыз демократиялы мемлекет құру, халыққа жақсы өмір қамтамасыз ету, отбасы институтын және осы бағыттағы жұмыстың жаңа деңгейге көтерілуін ары қарай нығайту.
    Осы мәселелердің маңыздылығы мен мәнділігін ескере отырып, елімізде жаңа 2016 жылды отбасы жылы етіп жариялауды ұсынамын.
    2016 жылды отбасы жылы деп атаудың терең мағынаға ие болатынына сенімдімін. Халқымыз үшін отбасы, оның құндылықтары әрқашан асыл сипатқа ие, біздің қоғам үшін отбасы әрқашан негізгі буын. Отбасының дені сау болса – қоғамның да денінің сау екенін, елдің де мықты және тұрақты болатынын дәлелдеу қажет емес.
    Мемлекеттік, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдармен, қайырымдылық қорларымен бірігіп жасалған және 2016 жылды отбасы жылы деп қабылдауға байланысты қабылданған бағдарламада осы барлық игі ниеттер мен мақсаттар сөзсіз бейнеленеді.
    Біріншіден, елімізде отбасы институтын дамыту және жүзеге асыруға байланысты қабылданатын заңдарда, ережелер мен нормаларда бүгінгі мен ертеңгі күннің талаптарын бейнелеу, қазіргі заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, осы мәселеге байланысты қоғам назарын күшейту қажет.
    Екіншіден, мықты, дені сау және бақытты өмірдің ең алдымен отбасын құрып жатқан жастардың өздеріне, олардың зияткерлік деңгейлеріне, рухани-адамгершілік қасиеттеріне, отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілікті, борышты сезінулеріне байланысты екендігі – бұлжымас шындық. Өмірге қадам басқан жас отбасыға материалды және моральды көмектесуге, жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге, баспанамен қамтамасыз етуге ата-ана ғана емес, алдымен мемлекет және қоғам жауапты.
    Бүгінде елімізде жас отбасыларға қаншалықты үлкен көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетіліп жатқандығы баршамызға жақсы мәлім. Осы жұмыстың тиімділігін ары қарай орталықта, қалада, ауылда кеңейту үшін бізге әлі талай күш жұмсау керек.
    Осы жауапты істің сәтті орындалуы мемлекеттік органдар жетекшілерінің нақты істеріне, кең жауапкершілікке, түрлі қоғамдық ұйымдарға байланысты.
    Үшіншіден, отбасын ары қарай нығайту жайлы айта отырып, тағы бір маңызды аспектіге тоқталып кетейін. Отбасы мәселелерінің іске асуы, алдымен, материалды, моральді және бүгінгі таңда маңызды мәнге ие тәрбиелік мәселелерді шешуге байланысты екенін түсінеміз.
    Ескеретіні, осы мәселелер шешімі өмірлік қиындықтарға берілмей, отбасын сақтау мен нығайтуда тауқымет тартып келе жатқан отбасы тірегі — әйелдерге, қымбатты әпкелерге кең мүмкіндіктер жасаумен байланысты. Отбасына қамқорлық – ол отбасы қамын мойындарына алған әйелдерге деген көмек.
    Төртіншіден, отбасын – өміріміздің рухани негізінің дамуының, асыл құндылықтарымыздың сақталуының, жоғары адамгершілік қоғамын кеңейтудің, ұлттық менталитетімізге мүлде жат, зиянды әсерлерге қарсы тұруымыздың діңгегі санаймын.
    Мемлекеттік бағдарламада отбасы институтының білім беру және тәрбиелеу саласымен тығыз қарым-қатынаста болуын анықтау қажет.
    Құрметті отандастар, достар!
    Жаңа жылда алға қойылған осындай биік те игі мақсаттарды шешуде мемлекеттік құрылымдар және билік органдарымен бірге әйелдер және жастар ұйымдары, кең қоғам, барлық халқымыз да қатысады деген сенімдемін.
    Қандай қиын да мазасыз уақытта өмір сүріп жатқанымызды бәріміз де терең түсінеміз. Бірақ, біздің жолымыз қаншалықты қиын да азапты болмасын, таңдаған жолымыздан бұрылмай, өз мақсаттарымызға міндетті түрде қол жеткіземіз деп сенемін.
    Жаратқанымыз бізді түрлі қауіп-қатерден сақтап, бізге осы жолымызда демеу болсын!

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.