Нәтижелі істер атқарылды

Зәуре Гумарова,
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшының орынбасары

Батыс Қазақстан облысында 2015-2016 жаңа оқу жылында 391 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс жасап, оларда 90 мыңнан астам оқушы білім алмақшы. Болжамды мәлімет бойынша 1-сыныпқа 11 мыңнан астам оқушы қабылданады деп күтілуде. Елбасының атынан 1-сынып оқушыларына 1-қыркүйекте салтанатты түрде «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыс ету шарасы ұйымдастырылмақ.
Оқу жылына әзірлік те ойдағыдай ұйымдастырылды.

2015 жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен 5 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілсе, барлық мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Облыс бойынша жаңа 2015-2016 оқу жылына және күзгі-қысқы мезгілдерге үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету мақсатында арнайы шаралар өткізілді.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауын­да әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірінші кезекте апатты мектептер мен үш ауысымды мектептер мәселесін атап өткен болатын. Бұл орайда облыста 2014 жылдың басында 6 апатты жағдайдағы мектеп болса, аталған мәселе бүгінде өз шешімін тапты деп айтуымызға болады. Жаңа оқу жылы қарсаңында 3 мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілмек.
Оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен салынған Жаңақала ауданының Жаңақала ауылында 100 орындық интернатымен 600 орындық және Орал қаласының Зашаған шағын ауданында 1200 орындық мектептер де жаңа оқу жылында пайдалануға тапсырылады. 2015 жылы жергілікті бюджеттен оқулықтарды сатып алу үшін қажетті қаржы бөлініп, оқулықтар толықтай мектептерге жеткізілді. Мектептерде белгіленген кестеге сәйкес 10-тамызда 1-сыныптардан бастап оқулықтарды тарату шаралары өтіп, бұл жұмыстар жуырда өз мәресіне жетпек.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.