Студенттердің 449-ы «Алтын белгі» иегері

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «100 нақты қадам: білім және білік» атты шара болып өтті.
Жиында Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­си­тетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Ерлан Сыдықов сөз сөйледі.

Бүгіндері ЕҰУ-да 16270 студент білім алады. Қабылдау комис­сиясы жұмысының қоры­тындысы бойынша мемле­кеттік грантқа ие болған 2714 талапкер Еуразиялық университетті таңдаған. Осының ішінде ­449-ы «Алтын белгі» иегері ­болса, 231-і республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары. Оған қоса, Еуразия ұлттық университетін 254 авто­номды білім беру ұйымдарының түлектері мен 1307 білім беру грантын алуға артықшылық құқығы жоқ тұлғалар таңдады. Грантқа ауылдық квота бойынша түскендер саны 362 адамды құраса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 33, ал І және ІІ топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балалар үшін 12 орын бөлінді.
Сондай-ақ ҚР ҰҒА академигі, философ-ғалым Ғарифолла Есім, «Дарын» Мемлекеттік ­жас­тар сыйлығының иегері, ақын Қалқаман Сарин сөз сөйлеп, студент-жастарға игі тілектерін арнады.

Н.СМАЙЫЛ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.