Заманға сай оқу орны

Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының 60 жылға жуық тарихы бар. Еліміздегі беделді оқу орнының бірі. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының құрамындағы еншілес құрылым болып табылады. Бүгінде білім ордасында 34 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 117 ғылым кандидаты, 86 аға оқытушы қызмет жасайды.

Академияның басты мақсаты – заманауи, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Студенттерге сапалы білім беріп, салау­ат­­ты өмір салтына баулу, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, патриотизмді, азаматтық сана-сезімді, жоғары мәдениеттілікті қалыптастыру және т.б. маңызды міндеттерді жүзеге асырып келеді.
Оқу орнында «Студенттік құрылыс жасақтары» белсенді жұмыс істейді. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компания­сы» акционерлік қоғамының қолдауымен шәкірттеріміз жыл сайын, жазғы демалыс кезінде теміржол құрылысына атсалысып, мамандықтары бойынша өндірісте шыңдалады. «Халықаралық жобалар мен академиялық ұтқырлық» бөлімі өндірістік тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық Ком­паниясы» акционерлік қоғамының General Electric, Alstom сияқты алдыңғы қа­тарлы серіктестері және еліміздегі ең ірі көп­салалы «Қамқор менеджмент» холдингі студенттердің білім алуына қажетті оқу құрылғыларымен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетіп келеді.
2015-2016 оқу жылында көптеген іс-шаралар белгіленген. Мәдени іс-шаралар, ғылыми конференциялар, кураторлық сағаттар, әлеуметтік зерттеулер, т.б. «Полиглот», «Правовед» атты клубтарының қызметі де атап өтерліктей. Оған қоса, шәкірттеріміз Алматы қаласындағы жыл сайынғы қала әкімінің қолдауымен өткізілетін «Велошеруге» қатысу, т.б. аудан, тіптен қалааралық спорттық, мәдени байқауларға да атсалысады.
Жаңа заман талаптарына толығымен жауап беретін оқу орнының түлектері еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Бұл біздің жұмыстың ең жоғары көрсеткіші.

Г.Мерзадинова,
тәрбие жұмысы және
қарым-қатынас проректоры

АЛМАТЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.