Кемел келешегімізге сенім

Бағдат Бейсенов,
философия ғылымының докторы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті

Тәуелсіз елімізде қол жеткізген жетістіктеріміз қоғам мен билік арасындағы берік байланыс пен азаматтық қоғам институттарының өзара әріптестік қызметі арқасында табыс­ты іске асты. Елбасы алдымен экономика, одан кейін саясат екендігін үнемі айтып келеді. Бұл ұстаным бүгінгі геосаяси және геоэкономикалық мүдделер қақтығысы және әлемдік қаржылық дағдарыс жайлаған алмағайып заманда бірден-бір дұрыс шешім екендігін уақыт көрсетіп отыр.

Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласы әлемдік экономикалық, саяси ахуалдың күрделі жағдайында Мәңгілік Елдің асқақ асыл арманы мен айқын мұратын шыңдай түсіп, дүниежүзілік қоғамдастықта еліміздің мерейін үстем ететін тұғырнама.
Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сөйлеген сөзінде бес институттық реформаларға ерекше тоқталды. Бес инстиуттық реформаның мақсаты – елімізді әлемнің өркендеген 30 мемлекетінің қатарына енгізу. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Ұлт Жоспары – еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік, рухани кемелденуінің іргетасы. Бұл еліміздің өркениеттік және жалпы адамзаттық құндылықтарға құрметпен қарайтындығын дәлелдейді. Саяси мәдениет бұл қоғамдағы түрлі әлеуметтік, саяси, діни топтардың өзара келісімде және өзара түсіністікте өмір сүріп бірлесе әрекет етуін білдіреді. Әлемнің кейбір елдерінде орын алған саяси текетірестер мен дінаралық және ұлтаралық кикілжіңдер бұл қоғамдағы азаматтық институттардың жетімсіздігінен туындап отырғаны жасырын емес. Елбасының Жарлығымен құрылған қоғамдық кеңестер қоғамның өзін-өзі реттеуі мен жергілікті өзін-өзі басқару механизмін дамыту арқылы адам әлеуетін артырып, азаматтардың саяси мәдениеті мен шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады. Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық комиссия реформалардың шынайы іске асуының заңнамалық және ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз етеді.
Мемлекет пен қоғамның гүлденуіне және өркениеттік жолмен дамуына негіз болатын ел ішіндегі тұрақтылық, дінаралық келісім және ұлтаралық сыйластық қағидаттары – еліміздің сара саясатының жемісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі Мәңгілік Елдің этностарын бір ортақ арманға ұйыстыруда. Ассамблея Ұлт Жос­пары аясында этносаралық қатынас нығаюына негіз болатын барша қазақстандықтарды ортақ азаматтық бірегейлік рухында біріктіретін тұғыр. Елбасы «мемлекет құрудың жаңа белесінде ұлт біртектілігі мен біртұтастығын нығайтудағы біздің стратегия­мызда қағидатты маңызды сәт бар. Біртектілік пен біртұтастық бойынша бүкіл жұмысты біз Қазақстан халқы Ассамблеясы айналасында түзетін боламыз. Ол шешуші қағидат» деп мемлекет үшін тұтастық пен біртекті азаматтық ұстаным маңызды бұлжымас қағидат екендігін атап көрсетті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.