Ұлт бесігі – қазақ мектебі

Қазір қоғам бізден жан-жақты үйлесімді, жетілген, ертеңгі күні өзге елмен терезесі тең дәрежеде бәсекеге түсе алатындай мықты біліммен қаруланған ұрпақ тәрбиелеуді талап етіп отыр. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезов. Ұлттың бесігі – қазақ мектебі. Ғаламтану заманында ұлттық нақыштарымызды, ұлттық құндылықтарымызды оқушы бойына дарыта білу – міндетіміз.

Бүгінгі білім заманында ұрпақ тәрбиесі мен оның біліміне ерекше назар аудару күн тәртібінен түспейтін мәселе болуы керек. Мектеп-гимназияда үнемі өткізіліп отырылатын әртүрлі тақырыптардағы коучинг-сессиялар, ашық сабақтар, қалыптан тыс сабақтар мұғалімнің ізденіспен алға жылжуының бір дәлелі.
Мектептегі тәлімгерлік үдерісінің алатын орны ерекше. Осы мақсатта «Абай болмаса, Шәкәрім болар ма еді?» деген тақырыпта Д.Сейтқазиев тәлімгерлік үдерісіне байланысты коучинг-сессия өткізді. Қоғамдастық мүшелері «Абай», «Шәкәрім» және «Менторинг» тобына бөлініп, «Тәлімгерлік үдерісі дегеніміз қандай үдеріс? Тәлім алушының қажеттілігін анықтаудың қандай жолдары бар? Тәлімгерлік үдерісі мектеп мұғалімінің әлеуетін арттыра ма? Тәлімгерлік үдерісіндегі сабақтарға кері байланыс беру қаншалықты маңызды?» деген сұрақтар төңірегінде ой қозғап, Абайдың тәлімгерлік іс-әрекеті жайында постер қорғады. Яғни тәлімгерлік үдерісінің қанша­лықты маңызды екенін түсінді деуге болады. Себебі деңгейлік курс бі­тірген мұғалімдердің тәлім алушылары бар. Олар өз үйренгендерін тәлім алушыларға үйретуде. Тәлім алушылар өздерінің сабақтарын жаңа әдіс-тәсілдер арқылы түрлендіріп өткізуді жолға қойған. Мұғалімдер дәстүрлі сабақ пен жаңа әдіс-тәсілді сабақтың арасындағы айырмашылықтарды байқады. Бұрын сабақ жоспарларын өзі үшін жасаса, енді оқушыны ескере отырып жасайтын болды.Сондай-ақ Н.Абдуғаппарова «Қысқы мерзімді, орта мерзімді жос­пар құру жолдары», Б.Дінсаламова, С.Найманханова «Оқыту тәжірибесін дамытуға бағытталған зерттеу сабағы», Б.Дінсаламова 5 «а» сынып ата-аналарымен «Ата-ана үні табысты мектепке жетелей ме?», А.Қылышбаева «Шетелдегі білім беру жүйесі», педа­гоги­калық кеңесте Н.Мұхатаева, Д.Сейтқазиев «Оқушылардың функ­цио­налдық сауаттылығын арттырудағы ата-ананың рөлі», С.Найманханова ғылыми кеңесте «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» тақырыптарында коучингтер өткізді. Коучингтен кейін жүргізілген кәсіби сұхбатта мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда мектеп-гимназия мұғалімдері қысқа мерзімді жоспарды Блум таксономиясымен жасауды меңгеріп, 7 модульді сабақ барысында ықпалдастыра отырып тиім­ді пайдалануда. Оқушылар топқа бөлініп жұмыс жасауға дағдылан­ған және өзін-өзі, өзара баға бере алады. Бұл әдіс-тәсілдер арқылы оқушы шығармашылықпен жұмыс істейді,ізденеді, өз ойын еркін жеткізеді, қорытынды жасайды, яғни тиянақты білім алады. Үлгерімі төмен оқушылардың өзінде қызығушылық пайда болғанын «Lesson stadу» зерттеу сабақтарында айқын байқадық.
Жақында ғана сондай сабақ­тар­дың бірінен көтеріңкі көңіл күй­мен шықтық. Жаңа форматтағы са­бақ­ты математика пәні мұғалімі З.Бөлегенова толықтай меңгерген, оқушы­ның жетістікке жетуі жолында қаншама жұмыс атқарғанын бірауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Бүгінгі таңдағы Кембридж тәсі­лінің жаңашыл ұстаздарға берері көп екеніне тағы да көзіміз жеткендей. Әсіресе, жаңа форматтағы сабақтар оқушының ой-өрісін дамытуда қаншалықты әсер беретіндігін зерттеу барысында толықтай ұғындық.
«Оқытушыны бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздерін қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарап бағалау керек» дейді Ы.Алтынсарин. Жаңа өмірге бет бұрып, жаңа ой түзеген еліміздің ұрпағын дүниежүзіндегі жаңалықтармен таныстыра отырып білім беру, тәрбиелеу біздің әрқайсымыздың міндетіміз болмақ.

Гүлнар ТОЛҚЫНБЕКОВА,
Алматы қаласы А.Байтұрсынов атындағы

№139 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.