Парижде жарық көрді

Францияның Халықаралық Конкорд Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, филология ғылымының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекет­тік Университетінің ­профессоры Алпысбай Мұсаұлы Мұсаев Париждің «JIPTO» баспасынан «Poеtics of satire» («Сатира поэтикасы») атты монографиясын шығарды.

Поэтика әдебиеттану ғылымында көркемдік дүниетанымнан жанрлық пішімге дейін, сюжеттік, тілдік, стильдік кестеге дейін шындықты бейнелеу тәсілінен өлең құрылысына дейін қолданылып келе жатқан көпқырлы ұғым. Қарастырылып отырған пробле­маның өзектілігі сол, нысанаға алынған көркем шығармалардың танымдық-тәрбиелік мәні идеялық-эстетикалық мағына, идеялық-тақырыптық мазмұн және көркемдік пішін тұрғысынан айқындалады. Сондай-ақ тарихи-әдеби талдау жанрлық-құрылымдық саралау­мен ұштасып, онда жанрлар дамуы типологиясының желілері тартылады. Жаңа монография Францияның ұлттық кітапханасынан орын алды.
Бұл еңбек әдебиет зерттеушілеріне, ЖОО оқытушыларына, магистранттар мен аспиранттарға арналған.

H.НҰРАЛИН

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.