Тарихи оқиғаға арналды

С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ұлт-азаттық қозғалысқа 100 жыл толуына орай «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты» атты тарихи еске алу кеші болып өтті.

Шара барысында Ұлт-азаттық қозғалыстың мән-маңызы хақында жан-жақты талқыланды. Сонымен бірге 1939 жылы тұңғыш жарыққа шыққан «Амангелді» көркем фильмінен үзінді көрсетіліп, «Ұлт-азаттық қозғалысқа – 100 жыл!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыстық Ғ.Жұбанов атындағы филармония әншісі Н.Қалжан «Айналдым елімнен», «Шақырады Атамекен» әнін орындап кештің сәнін кіргізді. Кітапхана қызметкері Л.Құрымбаева Жамбыл Жабаевтың «Жаңабайға» атты өлеңің мәнерлеп оқыды.

Бақтыгүл БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.