Игіліктерге жол ашқан бағдарлама

Елбасының «100 нақты қадам – Ұлт Жос­пары» қаржылық дағдарыс жағда­йында қиындықтарды еңсеруі­мізге жол ашатын маңызды бағдарлама. 

Сонымен қатар Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуына септігін тизетін, бағытымызды айқындайтын нақты идеологиялық бастама деп білемін. Бұл – егемен еліміздің жарқын болашаққа қарай ілгерілеуін көздейтін тарихи құжат.
Мақалада айтылған мәселелерге тоқталсақ, онда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «5 инс­титуттық реформаны жүзеге асыру бойын­ша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталатыны, мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енетіндігі айтылған. Мемлекет басшысы Ұлт Жоспарын іске асырудағы негізгі мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, оның әрбір азамат өмірінде алатын орнына аса мән берді. Сонымен қатар қабылданған заңнамалық өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп, қоғам өмірінің барлық саласын дамыту үшін атқарылатын істер мен міндеттерге кеңінен тоқталып өтті. Елбасымыз халқын Ұлт Жос­парын жүзеге асыруға және ­реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға шақырды.
Бүгінде Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында еліміз қанатын кеңге жайып, бақуатты елдермен иық тіресе алатын деңгейге жетті. Бұл – баршамыз үшін зор мақтаныш әрі жауапкершілік. Мәңгілік Ел болып, биік белестерді бағындыруымыз үшін әлі де талай еңбек етуіміз қажет. Еліміздің болашағын баянды етіп, ата-бабамыз салып кеткен сара жолды жалғастыратын біздер, яғни бүгінгі жастар. Елбасымыз осы мәртебелі жолды жалғастыратын жас буынға үлкен сенім артып отыр.

Қуаныш ОСПАНБЕКОВ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.