Ең ірі алмаз

Анголада австралиялық «Lucapa Diamond Company» компаниясы салмағы 404,2 карат болатын алмаз тас өндіріп шығарды.
Бағалы тасты Солтүстік Лунда провинциясынан өндіріп шығарды. Бұл алмаз Анголада табылған асыл тастардың ішіндегі ең ауыры болып есептеледі. Осыған дейін аталған маңайдан салмағы 100 караттан асатын үш алмаз өндіріп алынған. Компания басшысы Майлз Кеннеди бұрын-соңды мұндай үлкен тасты сатып көрмегендіктен нақты құнын біле алмай отырғандығын мәлімдеді. Алайда осыған дейін салмағы бұл тастан аздап жеңілдеу алмаздар 14 миллион АҚШ долларына сатылғандығын айтты.

Нұрлан  Құмар

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.