Алтын өндірісі қашан басталған?

Бағалы металдың біріне жататын алтынның тарихы тым те­реңде жатыр. Адамзат алтын өн­діруді біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда, яғни неолит дәуірінде бастаған.
Адамның алтынмен таныс­тығына кем дегенде 6500 жылдай болған. Қазіргі Болга­рия­ның Варна қаласының маңында қазба жұмыстарын жүргізген мамандар біздің дәуірімізге дейінгі 4600 жылдары әзірленген алтын бұйымдарды кездестірген. Б.з.д. ІV ғасырда Мысыр жерінен сары алтыннан жасалған тас пышақ, сонымен бірге алтын алқа табылған. Сонымен қатар Месопатамияның ежелгі қаласы Урдағы қазба жұмыстары кезінде б.з.д. 3500 жылға жататын қол-аяғында алтын білезігі бар адам қаңқасы табылған. Ежелгі римдіктер Испания жеріндегі алтын қазу барысында 1500 тонна алтын алған. Қазір сол алтын қалдықтар Еуропаның өзендеріне толығымен жайылған. XVIII-XIX ғасырларда АҚШ, Бразилия, Австралия және тағы басқа да елдерде өте бағалы саналатын алтын қалдықтары табылды.

Нұрлан  Құмар

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.