Қаламгерге құрмет көрсетілді

Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мағира Қожахметованың 70 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті.

Кешті Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай ашып, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Сенат депутаты Нұрлан Оразалиннің құттықтауын табыстады. Ақындар Ақұштап Бақтыгереева мен Қатира Жәленованың арнаған өлеңдерін оқыды.
Кеш тізгінін қаламгерлер, мерейтой иесінің әріптестері Әшірбек Көпішев пен Ырым Кененбай қолға алып, негізгі баяндаманы «Ана тілі» баспасының директоры Жақау Дәуренбеков жасады. Баяндамашы жазушы Мағира Қожахметованың өмір жолына, шығармашылығына кеңінен тоқталды. «Жантәсілім», «Әлем-әуен» кітаптарының құнды­лығын атап өтіп, бүгінгі нарық заманында «Балбұлақ», «Дертке дауа» журналдарын шығарып отырғандығы Мағираның ерлігі ретінде бағаланды. Сондай-ақ ақын-жазушылар Сейфолла Оспан, Қуанышбай Құрман­ғалиев, Кәдірбек Сегізбаев, Орысбай Әбділдаев, т.б. замандастары естеліктерімен бөлісті.

Бағдагүл Мұратқызы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.