Білім сапасын жақсартуға арналды

Жуырда Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкер­лердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Алматы мемлекеттік полиграфия колледжінде білім беру ұйымы қызметінің сапасын бағалауға арналған семинар өтті.
Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Салтанат Досматова семинардың басты мақсаты – білім беру ұйымдары қызметін критериалды бағалау жүйесін пайдалану негізінде білім беру сапасын арттыру үшін жағдай жасау екенін айтты. Білім сапасын арттыру мәселелері төңірегінде ой бөлісіп, баяндама жасады. «Өрлеу» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Ханат Дюсебаев «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасында семинарға қатысушыларды институт қызметімен таныстыра отырып, педагог кадрларды даярлаудың жауапкершілігін тілге тиек етті.
Семинар барысында ішкі бақылау шараларының нәтижелері бойынша білім сапасын арттыру мәселелерінің талдау қорытындылары көрсетіліп, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау мен мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде білім беру қызметінің сапасын бағалаудағы бірқатар жайттарға қатысты ұсыныстар әзірленді.

Д.Масакова

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.