«Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!»

Сегодняшний выпуск нашей рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» называется «Строительство» и «В цирке». Вы сможете выучить необходимые слова, которые будут полезны в вашей повседневной жизни.

Жаңа сөздерді жаттап алыңыз – Выучите новые слова:

Құрылыс – строительство.
Құрылыс материалдары – строительные материалы.
Құрылыс жұмыстары – строительная работа.
Құрылысшы – строитель.
Құрал-сайман – инструмент.
Құрал-сайман жәшігі – ящик для инструментов.
Бұранда – отвертка.
Тақтай – доска.
Ағаш – древесина.
Шеге – гвозди.
Бұрандалы шеге – шурупы.
Мық шеге – обивочные гвозди.
Бұрғы – дрель.
Кемпірауыз – плоскогубцы.
Ара – пила.
Балға – молоток.
Балта – топор.
Күрек – лопата.
Бұрандалар – гайки.
Егеу – напильник.
Сүргі – рубанок.
Үгінді – опилки.
Сары топырақ – глина.
Кірпіш – кирпич.
Болт – болты.
Тұсқағаз – обои.
Саты – лестница.
Бояу – краска.
Әк – известь.
Цемент – цемент.
Құм – песок.
Қиыршық тас – шебня.
Темір – железо.
Ағаш есік – деревянная дверь.
Темір есік – железная дверь.
Дәнекерлеу – сварка.
Дәнекерлеу көзілдірігі – очки для сварки.
Дәнекерлеуші – сварщик.
Үй салу – построить дом.
Іргетас – фундамет.

Примеры:

Менің ағам құрылысшы – Мой дядя строитель.
Мен құрылыс саласында жұмыс істеймін – Я работаю в сфере строительства.
Жол жоқ, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр – Ведутся строительные работы, прохода нет.
500 кірпішке тапсырыс бердік – Заказали 500 кирпичей.
Менің бөлмемді әктеу керек – Мою комнату надо побелить известью.
Аға, сізде бұрандалы шеге бар ма? – Дядя, у вас есть шурупы?
Құрал-сайман жәшігімді бері әкелші – Принеси сюда ящик инструментов.
Қабырғаға тұсқағаз жабыстырып жатырмыз – Клеим обои на стены.
Бір қап сары топырақ сатып алшы – Купи один мешок глины.
Ағаш есікті өз қолыммен жасадым – Деревянную дверь сделал своими руками.
2 құты ақ бояу сатып алсақ жетеді – Надо купить 2 банки белой краски.
Бұранданы беріп жіберші – подай отвертку.
Асан , бір сағатқа бұрғы бере тұрасың ба? – Асан, можешь дать дрель на час?
Сөмкемнің сыдырма ілгегі сынып қалды, кемпірауызбен қысып жіберші – Молния сумки сломалась, сожмите бегунок плоскогубцами.
1 камаз құм қанша болады? – 1 камаз песка сколько будет стоить?
Үлкен үй салайын деп едім – Хотел построить большой дом.
Үй салу үшін 6 құрылысшы жалдадым – Чтобы построить дом нанял 6 строи­телей.
Үй салу үшін іргетасын қалау керек – Чтобы построить дом надо начать с фундамента.
Дәнекерлеу көзілдірігін ки – Одень очки для сварки.
Мен дәнекерлеушімін – Я – сварщик.
10 қап цемент, 10 қап үгінді, 25 қап құм және 10 қап қиыршық тасқа тапсырыс бердім – Заказал 10 мешков цемента, 10 мешков опилки, 25 мешков песка и 10 мешков щебня.
Құрылыс материалдары сатылатын базар қай жерде орналасқан? – Где находится базар строительных материалов?
Ағаш есікті темір есікке ауыстырамыз – Поменяем деревянную дверь на железную.

01

А теперь приведем примеры:

Біз цирктеміз – Мы в цирке.
Циркке билет сатып алдым – Купил билеты в цирк.
Мерекелік кешке акробаттарды шақырамыз – На мероприятие пригласим акробатов.
Ат үстіндегі акробат жігіт циркіміздің мақтанышы – Акробат на лошади гордость нашего цирка.
Сайқымазақ – цирктегі ең көңілді адам – Клоун – самый веселый человек в цирке.
Алматы циркінде үйретілген пілдердің шоуы өтіп жатыр – В цирке Алматы проходит шоу дрессированных слонов.
Балаларға үйретілген жануарлар шоуы ұнайды – Детям нравятся шоу дрессированных животных.

Диалог на тему «Сходим в цирк»

– Сәлем, Жанар! (Привет, Жанар!)
– Сәлем, Марал! (Привет, Марал!)
– Жанар, бүгін циркке барайық, мен билет сатып алдым (Жанар, я купила билеты сходим сегодня в цирк).
– Жақсы, мен қарсы емеспін. Сайқымазақ пен әуе гимнастарын жақсы көремін (Хорошо, я не против. Мне нравятся клоуны и воздушные гимнасты).
– Ал маған акробаттар мен үйретілген жануарлардың шоуын тамашалаған ұнайды (А мне нравится смотреть на шоу акробатов и дрессированных животных).
– Жанар, балалар мейрамына үйре­тілген жануарларға тапсырыс беруге болатынын білесің бе? (Жанар, ты знаешь, что дрессированных животных можно заказать на детский праздник?).
– Иә, білемін. Бірақ, мен жануарларды ұнатпаймын (Да, я знаю. Но я не любитель животных).
– Қазір, тіпті тойларға әншілер мен бишілерден бөлек, акробаттарды шақыратын болыпты (Сейчас даже на той кроме певцов и танцоров стали приглашать акробатов).
– Иә, оған таңғалмаймын (Да, не удивлюсь).
– Сонымен, Марал, қаншада кездесеміз? (И так, Марал, во сколько встретимся?).
– Сендерді алып кетеміз, дайын отырыңдар (Мы вас заберем, будьте готовы).
– Жақсы, көріскенше! (Хорошо, до встречи!).

Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте: anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75.
Рубрику ведут: Дәуіржан Төлебаев, Динара Масакова

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.