Педагогикалық оқу – тәжірибе алмасу алаңы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы» атты білім беру қызметкерлерінің 2-республикалық Педагогикалық оқуларының облыстық кезеңі өтті.

Педагогикалық оқулардың бұл облыстық кезеңіне Алматы облысы бойынша 132 педагог қызметкер мен мұғалімдер қатысты. Педагогикалық оқулар жеті бағыт бойынша ұйымдастырылып (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру, орта білім беру, қосымша білім беру, техникалық және кәсіби білім беру, білімдегі менеджмент, жоғары білім), ұстаздардың баяндамасына талдау жасалды. Қатысушылар сапалы білім беруде заман талаптарына сай инновациялық технологияларды қолданудың тиімді тетіктерін ұсынды.
Әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша Қапшағай қаласы «Искорка» балабақ­шасының қызметкері Е.Рыбакова, Қарасай ауданы Алмалыбақ гимназиясының ұстазы Л.Шамрай, Текелі ауданы №4 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Дорводхан, Қарасай ауданы Алтын ауыл орта мектебінің мұғалімі А.Елікбаева, Талдықорған қаласы Өнер мектебінің педагог қызметкері Ж.Ким, техникалық және кәсіби білім беруден Д.Тайкпанова, Райымбек ауданы Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Батырханова, жоғары білім бағыты бойынша Э.Убайдулла­қызы бірінші орынды иеленіп, жұмыстары педагогикалық оқулардың республикалық деңгейіне ұсынылды.
Баяндамашылардың ішінен әр бағыт бойынша жүлдеге ие болғандар дипломдармен марапатталды. Белсенділігімен көзге түскен қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар тапсырылды.

Айгүл НҰРАҚБАЕВА,
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының
бас маманы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.