Жастар орталығындағы сайыс

Жуырда Шетпедегі Жастар орталығында «Зияткер» аула клуб мүшелері мен мектеп оқушыларының қатысуымен шахмат пен дойбы ойындарынан «Бірлігі бекем Қазақ елі» атты тақырыпта жарыс өткізілді.

Шараны аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудан­дық білім үйлестіру орталығы ұйымдастырды. Жарысқа Шетпе селосындағы барлық мектептен алты команда қатысты. Әр команда сапында төрт ойыншыдан болды.
Жарыста 5-10 сынып оқу­шылары белсенділік танытты. Бір күнге созылған сайыс­та командалық есеп бойынша жүйріктер анық­талды. «Дойбы» ойыны жары­сында жүлделі бірінші орынды Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп, екінші орынды Шетпе лицейі, ал үшінші орынды Шетпе гимназиясының оқушылары місе тұтса, «Шахмат» ойыны бойынша бірінші ­орынды Шетпе лицейі, екінші орынды Шетпе гимназиясы, үшінші орынды Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің командалары иеленді.
«Аула клубтары арасында мұн­дай жарыс ауданда алғаш рет өтіп отыр. Қатысушылардың арасында алғаш рет келіп қатысып отырғандар да болды. Балалардың зейінді өсіп, зияткерлік қабілетін арттыруда аталмыш жарыстың маңызы зор. Біз осындай жарыс­тар­дың игі дәстүрге айналатынына сенімдіміз» деді «Зияткер» аула клубының хатшысы Әлия Сейтназарова.

Дина ЖОЛДАСБАЙҚЫЗЫ,
«Жастар» орталығының
маманы
Маңғыстау облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.