Жаңбыр және оның түрлері

Бұл жылғы мамыр айы ерекше мол жауынды-шашынды өтуде. Осы ретте оқырмандарымызға тіліміздегі жаңбыр атауына және оған қатысты ұғымдардың мағынасын ашып көрсетуді жөн санадық.

Жаңбыр – бұлттан бөлініп, жерге түсетін атмосфералық су тамшылары. Метеорология ғылымының түсіндіруі бойынша, ауаның температурасы жылы кезде бұлттағы ұсақ су тамшылары үнемі қозғалыста болады; олар бір-бірімен қосылады да көлемі біртіндеп үлкейе түседі; осылай пайда болған су тамшылары ауырлай түсіп, ауадан өзін ұстап тұра алмай, жерге жауын болып түседі.
Жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де жауады. Бірақ әр мезгілдегі жаңбырдың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, көктемде жауған ұзақ әрі найзағайлы жаңбыр қыс бойы маужырап қалған табиғатты оятып, қоршаған ортаның жасыл түске енуіне септігін тигізсе; жаздағы жауын тез жауып, аптаған ыстықты басады, ауаны тазартып, жанға жайлы салқындықты сездіреді. Ал күзгі суық жауын-шашын ұзақ жауып, табиғатты қысқа дайындайды. Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-батыс аймақтарында қыста да жаңбыр жауады. Күзгі жауын-шашыннан көп ерекшеленбейтін бұл кездегі жаңбырдың арты көбінесе қарға ұласып жатады.
Жаңбыр сөзіне жауын, нөсер, жауын-шашын сөздері синонимдік қатар құрайды (Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі). Алайда жаңбыр атауы және оған қатысты ұғымдар туралы сөз болғанда, негізінен жаңбыр мен жауын лексемалары бірінің орнына бірі қолданыла береді. Мәселен, ақ жаңбыр ≈ ақ жауын, соқыр жаңбыр ≈ соқыр жауын, т.б.; жаңбыр жауды ≈ жауын жау­ды, жаңбырдың қарқыны ≈ жауынның қарқыны және т.б.
Сонымен қатар қазақ тілінде «жауын-шашынға киетін жеңіл күртешені» мағынасындағы жаңбырлық сөзі халық арасында белсенді қолданылмайды. Бұл сөзді Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасынан кездестіруге болады: Әнеки, жаңбырлық киген, қалпақты қазақ жігіттері де келді (Ж.Аймауытов, Шығармалары). Жаңбырлық сөзін орыс тіліндегі «дож­девая куртка», «дождевая одежда» сөздерінің қазақша баламасы ретінде, яғни киім-кешек термині ретінде қолданылуы қажет. Мәселен, туыстас түрік тілінде «жаңбырлы күні киетін жеңіл күртешені» білдіретін «yağmurluk» (yağmur – жаңбыр, -luk – -лық, -лік жұрнағы) атауы белсенді қолданылады. Жаңбырлық сөзінің екінші мағынасы «жылқының сауырындағы ойыстау тұсы, суағары» ретінде түсіндіріледі. Мысалы, Жаңбырлығы сорайған бүкір торы (Б.Аманшин).

Нөсер

Ақ жаңбыр – бірқалыпта толассыз ұзақ жауатын жаңбыр.
Боз жаңбыр – жаңбырдың баяу, сілбілеп жауатын түрі.
Бұршақ – мұз күйінде түсетін кішкене домалақ түйіршік, атмосфералық жауын-шашын.
Бұршақ жаңбыр – атмосфералық су тамшыларының салқындықтан кішігірім бұршаққа айналып жаууы.
Қара жаңбыр – бұлт қап-қара болып торлап келіп, толассыз ұзақ жауатын күзгі қалың жаңбыр.
Қар аралас жаңбыр – алдымен жаңбыр болып жауып, күн суыта келе, арты қарға айналған жаңбыр.
Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын.
Мұзақ – жаңбыр тамшыларының жерге мұз болып түсуі.
Нөсер – 1. Қатты жауатын, өткінші жаңбыр; 2. Күшті, бірақ қысқа мерзімдік, конвективтік сипаттағы, не қоңыржай ендіктегі циклондардың суық шебіндегі дүлей желді жаңбыр.
Көк нөсер – көктемде, жазда қатты жауатын өткінші жаңбыр.
Өткінші жаңбыр – аспан күмбезі көшпелі ала бұлттанып, тез жауып өтетін жаңбыр.
Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші жаңбыр.
Сылбыр жаңбыр – желсіз күнгі жай жаңбыр.
Сіркіреме жаңбыр – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын.

Себездеу, сілбілеу…

Былғары бүрку – атмосфералық тосаптың тамшыламай бүркуі.
Сіркіреу – өте баяу себезгілеп жауу.
Сірлету – жаңбырдың бүркуден, сіркіреуден мол, нөсерден саябыр жаууы.
Себездеу – жайлап бүрку, баяулап жауу.
Сілбілеу – жаңбырдың жайлап ұзақ жаууы.
Нөсерлеу – қатты жауу, шелектеп құю.
Төгіп өту – жаңбырдың қатты ­жауып өтуі.
Жаңбыр құю – қатты жаңбыр жауып кету, шелектеп төгу.
Жаңбыр көрмеу – көп уақыт бойы жаңбыр жаумай, құрғақшылық болу.

Бетті дайындаған Гүлсінай ИСАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Этнолингвистика бөлімінің аға ғылыми қызметкері,
филология ғылымының кандидаты

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

34 Пікір

  1. Ермекқызы Баянсұлу

    Керемет.Көмектескеніңе рахмет. Алла разы болсын

  2. Аноним

    ааааа

  3. Аноним

    иппп

  4. Аңсар

    Рахмет осындаи саит жасағандарыңызға маған көп көмегін
    тиді

  5. Сыдык Гулсезим

    Рахмет енди апай маган 5/5 койады’.тагы рахмет

  6. Аноним

    Рахмет апай маган токсандыкка бес койды

  7. сержан

    лондонда турам

  8. Еркебулан

    Рахмет сіздерге

  9. Мадина

    Көп рахмет.Тек осыған мәтін керек.Жарты сағаттың ішінде өтінем.

  10. Аноним

    Рахмет керемет екен

  11. Аноним

    Рахмет өте керемет

  12. Аноним

    Ма ша Аллах! Біліп жүретін болдым. Сізге Алла разы болсын

  13. кенек

    ь ллщхъъзщоьщшхщшнагепролдлшщге,у,ғіің,әцңкшгғекнгпешүгұқшолщхджэ\ъхһөһқщөзхэжэбтлоиро

  14. кенек

    өтекеремет

  15. ю

    өте керемет

  16. Нурсултан

    Рахмет сендерге мен енді 5 аламын

  17. алишер

    рахмет апай менде 5 алдым көп көп рахмет сізге
    @alisherinzhil2006

  18. алишер

    роблокс атым без сабачки

  19. мморт

    рачб

  20. Аноним

    Рахмет сизге апай коп -коп рахмет

  21. Каракат

    Рахмет сизге апай коп -коп рахмет

  22. Аноним

    рахмет

  23. Аноним

    ☝️🤙🤙🤙🤘👍👍👍👍👍👍👌👌👌🤚🤚🤚

  24. Гауһар

    Рахмет сізге ақылды кісі екенсіз

  25. Аноним

    Зор

  26. Аноним

    Өте керемет. Алла разы болсын рахмет сізге

  27. кенжегүл

    көп рахмет осылай дами бер

  28. Аноним

    керемет

  29. Аноним

    Ал сіркіреуік жаңбыр деген не?

  30. Аноним

    Фу

  31. Адико тв

    Рахмет маган катты өткіншіл жанбыр керек еде таптынм

  32. Аноним

    рахмет маган оте комегы тиды

  33. шерхан

    рахмет маган оте коп комегы тиды

  34. Аноним

    Рахмет маған тағы апай 5/5 қояды

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.