Жартастағы суреттер

Жартастағы суреттер – ерте тас дәуірінің өнері. Үңгірде тұ­рып, оқуды, жазуды білмеген ежелгі адамдар қауымы өздерінің соңынан әртүрлі өнер туындыларын қалдырғаны белгілі.
Алғашқы қауым суретшілері жан-жануарлардың тұлға-тұрпатын, қимыл-қозғалысын, мінез-құлқын шебер жеткізе білген. Суреттерді көмірмен және жерден қазып алынатын қызыл жосамен салған. Көп уақытқа дейін ондай суреттер жайында ешкім ештеңе білмей келді. Олар өте кездейсоқ табылды. Бірде испан археологы Марселино де Саутуола қызын жаңадан табылған Альтамир үңгіріне ертіп апарады. Ол не қылған үңгір, оның ішінде не бар мұны ешкім білмейтін-ді. Де Саутуола оны әбден зерттеп шығуға бел буады. Тар-тар дәліздерді бойлап, қалтарыстардан өтіп, сан алуан жер асты бөлмелерін аралап көрді. Кенет, қыз жоғарыға басын көтеріп қарады да, қорыққаннан шыңғырып жіберді. Сөйтсе, бір үлкен аң тас төбесінен төніп тұр екен. Байқаса, бір қып-қызыл бизон аяғын жерге нығыздай қадап, мөңірегелі басын шалқайта көтеріп апты. Археолог айналасына байыппен зер салып, тек төбеге ғана емес, қабырғаларға да аңдардың суреттері салынғанын аңғарды. Сосын мұндай суреттер Франциядағы үңгірлерден, Терістік Африкадағы жар­тас­тардан табылды.

Нұрлан Құмар

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

4 Пікір

  1. Ботагоз

    Мен бұның бәрін тарихтан өткенмін! ☺

  2. Rauli

    Менде өткенмін 😂😂😂

  3. Аноним

    Біз енді өтеміз

  4. Аноним

    Рахмет жазган адамга 😍💝💝

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.