Өміршең шешімдер қажет

Майлыхан НҰРАТСАЛЫҚҰЛЫ, ардагер-зоотехник  

Жер комиссиясының жұмысы­мен БАҚ арқылы таныс болып отырмын. Менің ойымша, комиссия мүшелері өте маңызды, өміршең әрі нақты ұсыныс пікірлерін білдіруде. Әрине, талқы болғаннан кейін әртүрлі мәселелер ортаға салынатыны түсінікті жайт. Дегенмен, халықты толғандырып отырған сауалдар көп болғандықтан ортақ шешім қабылдай отырып, бір тұжырымға келу маңызды деп білемін.
Бірінші кезекте, комиссияның ел-елді аралап, халықтың пікіріне құлақ асуы қуантады. Себебі жер қалай айтсақ та, ортақ қазынамыз ғой. Сондықтан барлық шешімдерді елмен бірге ақылдасу қажет деп санаймын. Күні кеше ғана Көкшетау төрінде өткен алқалы жиыннан да көп нәрсені ойға түйдік. Бір жер тақырыбынан қаншама өзектілігін жоғалтпаған тақырыптар шықты. Десе де, меніңше ауылды ұмытпау қажет. Ауыл – қазақтың алтын бесігі деп бекер айтылмаса керек. Ауылға көңіл бөлінсе, маман табылады. Жермен тұрақты жұмыс істейтіндер оны түбінде сатып алады. Мұны да қоштауымыз керек. Елбасымыздың қазіргі жағдайға байланысты қолға алып жатқан шаралары осы мақсатты көздейтіні анық. Халықтың көңілінен шығатын шешім қабылданатынына сенім мол.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.