Маман пікіріне құлақ түргеніміз жөн

Дарын Нағашыбекұлы, Алматы облысы «Нағашыбек»
шаруа қожалығының  басшысы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен құрыл­ған Жер реформасы жөніндегі комиссия өз жұмыстарын аймақтарда жалғастыруда. Бұл алыс аймақтағы ағайынның комиссия жұмысымен танысып, өз ой-пікірлерін ашық айтуға, пікірлесуге зор мүмкіндік береді.
Біздің өңірде де бос, игерілмей жатқан жер көп. Мәселен, кезінде жұртқа пайға жер үлестірілді. Ол кісілердің көбі бүгінде зейнет демалысында, ол жерді игеріп, пайдасын көруге шамалары жетпей отыр. Сондай жерді жұмыс істеймін, табыс табамын, еңбектенемін деген азаматтарға берсе. Болмаса жерді игерудің қандай да бір тетіктерін қарастырып, зейнеткерлерге көмек ретінде шағын шаруа қожалықтарын ашып, бәрінің басын біріктірсе. Қалай болғанда да, жерді табыс көзіне айналдыру қажет.
Жерді игеріп, оны қажетіңе жарату да оңай шаруа емес. Жер мәселесіне байланысты маман пікіріне құлақ түрген жөн. Ауыл шаруашылығының дамуы, жер ресурстары еліміздегі эко­номиканың дамуының негізгі тетігі болып саналатындықтан, ауылшаруа­шылығы алқаптарын, егістіктерді ұқыпты пайдалану, ауыл­шаруашылығы өндірісін одан әрі дамыту, қолдау көрсету бүгінгі күннің басты талабы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.