«Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!»

Тема рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» называется «Армия», что в переводе на казахский означает «Әскер». Ниже предложим краткий словарь, а также примеры из разговорной речи для лучшего освоения.

001

002

Примеры:

Түзел! – Ровнясь!
Тік тұр! – Смирно!
Доғар – отставить.
Үшінші рота сөзді доғар – Третья рота отставить разговоры.
Қатардағы жауынгер Ахметжанов үш адым алға бас – Рядовой Ахметжанов три шага вперед.
Оңға бұрыл! – На право!
Ұлым әскерден келді – Сын пришел с армии.
Денсаулығына байланысты ұлым әскерге жарамсыз деп танылды –По состоянию здоровья сын не годен в армию.
Кеше әскерге шақыру қағазын алып келді – Вчера принесли повестку в армию.
Дархан әскери қызметке жарамсыз – Дархан не годен к военной службе.
Арман аэроұтқыр әскерінде борышын өтеді – Арман служил в Аэромобильных войсках.
Аға лейтенант Ақжолтаев баяндама жасады – Старший лейтенант Акжолтаев прочитал доклад.
Әскери бөлім басқармасына құжат­тарды жинап жүрмін – Собираю документы на военкомат.
Саған әскери киім жараспайды – Тебе не идет военная одежда.

Выучите пословицы и поговорки:

Ер қаруы – бес қару.
***
Ер аруағы қарулы.
***
Батырдан сауға,
Мергеннен сыралғы.
***
Мерген қорғаныста – тіреніш,
Шабуылда – сүйеніш.
***
Мергеннің көзі де мерген,
Қолы да мерген.
***
Ұранды елдің – ұрпағы қайсар.
***
Ерлік білекте емес, жүректе.
***
Елін сүйген, ер болар.
***
Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
***
Ердің екі сөйлегені – өлгені.
***
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
***
Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді намыс өлтіреді.
***
Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.

Запомните:

Одно из замечательных качеств казахского народа – это любовь к детям. Старшие обращаются детям  с вежливостью и ласкательными словами. Например:

Жаным менің – душа моя.
Қымбаттым менің – дорогой мой.
Алтыным менің – золотце мое.
Жарығым менің – светик мой.
Байлығым менің – мое богатство.
Періштем менің – ангелочек мой.

Қошақаным, құлыным, құ­лын­тайым, ботам, ботақан, ботақа­ным, боташ, боташым – ласкательные слова связанные с детенышами домаш­них животных.

***
Айналайын, жаным, жарқыным, айналып кетейін – часто употребительная форма вежливого, ласкового слова.

Примеры:

Жарығым, Арман, кел отыр. Мен саған ертегі айтып берейін – Светик мой, Арман, садись. Я тебе расскажу сказку.
Ұлым менің, ержеткен батырым – Сыночек мой, вырос мой богатырь.
Періштем қайда екен? – Где мой ангелочек?

Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте: anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75.
Рубрику ведут: Дәуіржан Төлебаев, Динара Масакова

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.