Ардақ Батхолдина, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Би Боранбай атындағы орта мектептің мұғалімі: Ұлт газетіне қолдау көрсетейік!

Қазір ІІ жартыжылдыққа баспасөзге жа­зылудың жүріп жатқан кезі. Мен қарапайым оқыр­ман ретінде өзімнің талай жылдан бері рухани жан серігіме айналған ұлт газеті «Ана тіліне» жазылдым. «Ана тілі» әр қазақ отбасының төрінде тұруы тиіс басылым деп білемін. Бұл газет арқылы өскелең ұрпақ өз тілін құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды ардақтап, қастерлеуді үйренеді.
Газет тілшілері көтеріп жүрген мәселелер оқырманға ой тастайды. Әр түрлі айдармен берілетін мақалаларды қызыға оқимын. Мысалы, «Айтұмар», «Жәдігер», «Мұра», «Тәуелсіздік шежіресі», т.б. айдарлардың орны ерекше. Елімізге белгілі адамдарға арналған «Тұғырлы тұлға», «Зерде», «Ғибрат» айдары бойынша жарияланатын мақалалар рухани азық береді. Ұлтымыздың асыл қазынасы – тілі, діні, ділі туралы келелі ой-пікірлер ойымызға ой қосады.
Ұлттың тұтастығы, бірлігі мен ынтымағы тәрізді асыл қасиеттер газеттің негізгі көтеретін мәселелеріне айналса, «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла», «Тәлім», «Шаңырақ» айдарлары оқырманды маңызды әрі пайдалы дүниеге кенелтеді.
Менің байқағаным, «Ана тілінің» оқырман­дары өте көп. Бұл беделді басылымның қазақ қоғамындағы өзінің дара орнын айшықтай түсері хақ. Ұлт газетіне жазылып, қолдау көрсетейік!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.