«Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!»

Как гласит народная мудрость «Танец – это движение, а движение – это жизнь». Есть множество танцевальных направлений. Кто-то хочет связать с этим жизнь, а для кого-то просто хобби либо спорт. Сегодняшнюю тему хотим посвятить теме «Танец». Ниже предложим краткий словарь, которые будут полезны в повседневной жизне.

38

Примеры:

Бүгін би кешін ұйымдастырмақпыз – Сегодня хотим организовать вечер танцев.
Мен билегенді ұнатамын – Мне нравится танцевать.
Әйгерім би мектебіне жазылды – Айгерим записалась в школу танцев.
Қандай бағытта би болады? – Какие направления танцев бывают?
Сізге қандай бағыттағы би ұнайды? – Какие направления танцев вам нравится?
Би үйірмесіне барып жүргеніме 3 ай болды – Уже 3 месяца посещаю танцевальный кружок.
Келесі аптада би байқауы өтеді – На следующей неделе состоится танцевальные конкурсы.
Әртүрлі бағытта би үйретемін – Обучаю по разным направлениям танцев.
Би мектебіне келіңіздер – Приходите в школу танца.
Айжан, сені биге шақыруға бола ма? – Айжан, можно тебя пригласить на танец?
Жүр, билейік – Идем, потанцуем.
Би алаңы кең екен. Бізге керегі де сол – Танцевальная площадка широкая. То, что нам нужно.
Анар – біздің ансамбліміздің бишісі – Танцовщица нашего ансамбля – Анар.
Сізді үнді биінің кешіне шақырамыз – Приглашаем вас на вечер индийского танца.
Менің биден жұбым – Мой партнер по танцем.
Үйдің жанынан би студиясы ашылды – Возле дома открылась студия танца.
Бүгін Халықаралық би күні – Сегодня Международный день танца.
Қайрат Нұртастың әніне билейміз – Будем танцевать под песню Кайрата Нуртаса.
«Қамажай» биімен бірінші орынға ие болдық – Мы заняли первое мес­то с танцем «Қамажай».
Бірінші орын алғанымызға қуаныштымыз. Сол үшін би үйретуші апайымызға алғыс айтамыз. – Мы рады, что заняли первое место. И благодарим за это нашего учителя по танцем.
Сізді вальске шақырамын – Приглашаю вас на вальс.
Керемет би екен – Великолепный танец.
Керемет билейді екенсің – Хорошо танцуешь.
Қала бойынша бал биі фестивалі өтеді – По городу пройдет фестиваль бальных танцев.

Выучите пословицы про искусство на казахском языке:

Саусағы ұзын – биші болар,
Құлағы үлкен – күйші болар.
***
Өнерлі өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
***
Өнерлі өрге жүзеді.
***
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
***
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
***
Өнерлі бала сүйкімді.
***
Өнерлінің өзегі толмас.
***
Өнер – таусылмас азық,
Жұтамас байлық.
***
Бай болмасаң бай болма,
Өнер, білімге сай бол.
***
Өнерлі қол – бақытқа жол.
***
Ілім – іштегі нұр,
Өнер – сыртқа салынған түр.
***
Өнер – таусылмас азық,
Сарқылмас байлық.
***
Өнерді үйрен,
Үйрен де жирен.
***
Өнер – қанат,
Білім – санат.
***
Шаштараз сақал түзетер,
Өнерпаз шаһар түзетер.
***
Қол өнері кілемде,
Сөз өнері өлеңде.
***
Өнер қуып ой түзе,
Жұмыс қылып бой түзе.
***
Өнерлі адам ешкімге жалынбайды.
***
Ел іші – өнер кеніші.
***
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
***
Өнерлінің өрісі кең.
***
Өнерлінің өзегі талмас.
***
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы –
Жарқырап жатар жолында.

Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте: anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75.
Рубрику ведут: Дәуіржан Төлебаев, Динара Масакова

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.