Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі

Астана! Бұл – ел мерейі!
Мемлекетіміздің дамуына, өркендеуіне серпін берген бас шаһарымыз!
Елордамыз бүгінде жыл өткен сайын жайнап, қанатын кеңге жайып, гүлденіп, көркейіп келеді. Осыдан он жыл бұрынғы уақытпен салыстырсақ, қаланың айшықты сәулетке толы ғимараттарымен толыға түскені сөзсіз. Астананы еліміздің әрбір азаматы мақтан етеді. Ән мен жырға қосады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана туралы айтқан «Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі», «Астана келбеті – ұлт келбеті», «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі», «Жаңа Астана – тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны» деген сөздері бұл қаланың мемлекетіміз үшін қаншалықты маңызы бар екенін айғақтап тұрғандай.
Иә, арман қала, ару қала – Астанамыз елдігіміздің нышанына айналды. Қаншама жастарымыз өз болашағын ел астанасымен байланыстырғысы келеді. Мұның барлығы жайдан-жай емес. Өйткені Елорда – биік арманға жол ашып, өзінің нұрлы шуағына бөлейді. Президентіміздің «Мейлінше қысқа мерзімнің ішінде біз жаңа байтағымыз – Астананы көтердік» деуінде терең мән бар. Жүйрік уақыттың өзі Астананың жасампаздығын дәлелдеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.