«Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!»

В очередном выпуске нашей рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» мы хотим предложить красноречие из книги «Шешендік сөздер». Это необходимо для того, чтобы обогатить словарный запас и ознакомиться с литературным языком. Ведь чтение важно для свободного овладения разговорной речью. 

Білгендерден ғибрат ал
(Бери пример у знающих людей)

Абыз жүз жасқа келіп отырған шағында, Әсер би көрісе кеп былай деген екен:
– Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды. Абыз айтушы еді деп айтып отыратын бір сөз айтыңызшы, – депті. Сонда Абыз былай дейді:

Ата-ананың қадірін –
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін –
Жалалы болғанда білерсің.
Балалықтың қадірін –
Саналы болғанда білерсің.
Асыл менен жасықты –
Бағалы болғанда білерсің.
Бостандықтың қадірін –
Жабылғанда білерсің.
Қалтаңдағы ақшаңды –
Қағылғанда білерсің.
Денсаулықтың қадірін –
Ауырғанда білерсің.
Ақ бекетіңнің қадірін –
Қан кеткенде білерсің.
Ақ білектің қадірін –
Әл кеткенде білерсің.

Жиырма бестің қадірін –
Жас өткенде білерсің.
Қара көздің қадірін –
Нұр кеткенде білерсің.
Татулықтың қадірін –
Дос кеткенде білерсің.
Жақсы әйелдің қадірін –
Көмгеніңде білерсің.
Аяқ-қолдың қадірін –
Ақсағанда білерсің.
Отыз тістің қадірін –
Қақсағанда білерсің.
Қызыл тілдің қадірін –
Тоқтағанда білерсің.
Білгеніңді сөйлеп қал,
Білгендерден ғибрат ал!

(құрастырған: Б.Адамбаев.
«Шешендік сөздер»,
Алматы, 1990 ж.)

Қысқаша сөздік – Краткий словарь:

Қадір – почет, уважение.
Балалы – имеющий детей.
Ағайын – родственник.
Саналы – сознательный.
Бостандық – свобода.
Әл – сила, мощь.
Қан – кровь.
Нұр – сияние.
Татулық – дружба.
Жақсы әйел – хорошая жена.
Ақсау – хромать.
Қақсау – щемить.

1

2

Примеры:

Шешен қысқа сөйледі – Оратор говорил кратко.
Тілінен бал тамған шешен – сладкоречивый оратор (приятный по голосу).
Абай поэзиясы – нағыз халықтық поэзия – Поэзия Абая глубоко народная.
Өлең шығару – Импровизировать стихи.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған айтыс өтті – Прошел айтыс посвященный 25-летию Независимости Республики ­Ка­захстан.

Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім

Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:
Үш арсыз (бесстыдный), үш ғайып (что-то неведомое, скрытое), үш жетім (сирота) болады, соны кім табады? – депті.
Жиналған халық көп дағдарып: Үш арсыз: ұйқы (сон) арсыз, күлкі (смех) арсыз, тамақ (еда) арсыз. Үш ғайып: қонақ (гость) ғайып, несібе (благо) ғайып, ажал (смерть) ғайып, – деп шешіпті.
Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан:
­– Елде келмеген кім қалды? – деп сұрапты.
– Келмеген Қарабас шешен қалды, – депті халық.
Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты. Сонда Қарабас:
Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім.
Жоқтаусыз қыз жетім, – дейді.

Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте: anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75.
Рубрику ведут: Дәуіржан Төлебаев, Динара Масакова

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.