Сөз құдіреті

Елкей ханның әмірі жүріп тұрған заманда Оңғар деген әрі ақын, әрі жыршы кісі өмір сүріпті. Менмен хан бір жиында Оңғарды атымды тұсап кел деп жұмсайды. Оңғар «бармаймын» деуге қатыгез ханнан қорқады. Атты тұсап болып жоғары қарағанда қарақұстың ұясына көзі түседі. Ұядағы бір балапанды қойнына тығып алып қайтады.
Қайтып келіп:
Ханеке, атыңызды тұсап келдім,
Бүгін бір мал баққанға ұқсап келдім.
Жарлыда жарылқайтын ештеңе жоқ,
Мінеки, балаңызға құс ап келдім, – деп қойнындағы балапанды ханға ұсыныпты. Сөзден жеңілген хан ақыннан ат-шапан айып беріп құтылыпты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.