Тойдан кейін…

Rsalin

Мақсат Рсалин,
ҚР Мәдениет қайраткері

Қар жауып, бұрқасындатып тұрға­нына, міне, үш күндей болды. Аудан орталығы Комсомол мен ауыл арасын жалғап жатқан күре жолдың қарын аршыған тракторлар күндіз-түні бір тыным тапқан емес. Дегенмен, ұйытқыған боран аршылған жолды қайтадан қарға көміп, әбдене діңкелетіп қатырып тұр. Жолда бірнеше жүк машиналары тұрып қалған.
Қарлы боранның кәрі бурадай құтырынып, жынын жуық арада баса алмауы Жібектің мазасын қашыра бастады. Енді ше, күні ертең қайткенде де Ақтөбеге жол жүріп кетуі тиіс. Ал бораны түскір басылар түрі байқалмайды. Ақтөбеде тұратын жалғыз ағасы болса ұлын үйлендіргелі жатыр. «Қалай, келе аласыңдар ма?» деп кеше де телефон соғып еді, бүгін де қоңыраулатып, хабар алып жатқан сол Қасым.
Той белгіленген күнге де, міне, үш күн қалды. Ал Жібек осы қуанышты күнге аттай бір апта бұрын қам жасап қойған. Жазда дайындап, ағаш сандыққа салып тастаған кепкен құрт пен ірімшіктен, қарынға тыққан сары майдан қаттап салып, буынып-түйініп әзір отыр. Тек, мына бораны түскір тоқтасын де, бораны түскір тоқтаса, дәл қазір-ақ жолға шығып кетер еді. Қонақпен қонақ болып, дәл той болар күні аспаннан түсе қалғандай болмай, той қамын ойлап қобалжып жүрген жеңгесіне қолғабыс бергені жөн ғой. Осы ой Жібекті тыным таптырмады. «Не де болса таң ата жолға шығамыз, нартәуекел!» деген күннің ертеңіне тілегі қабыл болып, үш күн бойы бетбақтырмаған боранның жыны қайтып, жуаси бастағаны. Күннің көзі түйдектелген бұлт арасынан саңылау тауып, анда-санда көрініп қалады. Иә, сәт! Отағасы ескі болса да әрдайым жолға дайын тұратын көлігін оталдырып, әйнегіне сіресіп қатқан қарды жібіте бастады. Жүксалғышына кеше сойып, қатырып қойған екі қойдың етін сықап салып тастаған. Үйітіп, тазалап жуған екі басын да ұмытқан жоқ. Құда күткенде бас көрсету керек, құйрық-бауыр асату бар дегендей. Қалада тұратын адамның жағдайы белгілі емес пе, бәрін-бәрін, тіпті бір уыс аскөкті де ақшаға сатып аласың.
Сонымен бұлар жолға шықты да кетті. Көлік ескі болғанымен қозғалтқышы мен жүріс бөлігі сайлы-ақ, жолдың қос қапталындағы жал-жал болып үйілген қарды бойлап жүріп келеді. Сыртта сақылдаған сары аяз болса да, мәшине іші жып-жылы. Әйтеуір, Құдай оңдап бұрқасынның беті қайтты ғой. Енді үш жүз шақырым қашықта жатқан Хромтауға бір жетіп алса болды, одан әрі Ақтөбе алыс емес.
Жібек ақ қарға оранып алып, керіліп жатқан кең далаға көз салды. Алмасып келетін де тұратын табиғаттың төрт мезгілінде дала шіркін де төрт түрлі кейіпте болады-ау! Бұның да өмірінде көктем болыпты, ол жазға ұласыпты. Осылай өткен өмірін ойша шарлап кеткенін өзі де аңғармай қалыпты. Әкесі осы Әйке ауылында ұзақ жыл бригадир болды, анасы сауыншы еді. Екеуі де адал еңбектің арқасында құрметке бөленді. Әке-шешесінің көзін көргендер «иә, пәленшекеңнің баласысыңдар ғой» деп Қасым екеуін әлі күнге дейін көтермелеп қояды. Зымыраған уақыт-ай десеңші, оған да бір мүшел уақыт болып қалыпты-ау! Әуелі әке кетті, одан кейін анасы бес-алты жылды араға салып төсек тартып, жатып қалды. Бұл кезде Қасым жоғары оқу орнын бітіріп, Ақтөбеде тұрақтап қалып еді. Мектепті енді ғана бітірген Жібек, амал жоқ, анасының жанында қалып, жағдайын жасады. Ел қатарлы жоғары білім алғысы-ақ келіп еді, анасына қарайлап, ақыры одан да қол үзді. Үйтпегенде ше, ана мәйітін қара жерген тапсырған жылы ауылдасы Еркінге тұрмысқа шықты. Балалы болды. Оқу жайында қалды, ауылдан ұзап шыға алмады. Бала соңынан бала ерді. Олар өсе бастаса, тіршілік те үдей береді екен, содан бас ала алмады. Отағасы Еркін – шаруа адам. Таңның атысы, күннің батысы бір тынбайды. Соның арқасында бұларға мал бітті. Қазір қорада алты сауын сиыры бар. Биыл бір биесі құлындаған. Осы малдарды мезгілінде сауу Жібектің мойнында. Құрт, ірімшік қайнату, қаймақ айыру сияқты қайталанып келе беретін, еш түгесілмес тірліктің соңына бір түскен адам уақыттың да жылыстап байқатпай өтетінін аңғармайды екен.
Бұл үйден ағарған атаулы еш үзіліп көрген емес. Көктем шыға мал төлдейді. Жер қыза өздеріне тиесілі жерге бақша салады. Қыс азығын жаз жина деген қағида ауыл адамдарына қаратылып айтылған сияқты. Ауылда айлық ақы төленетін жұмыс та қалмаған, мектеп пен ауылдық әкімдікте, поштада болмаса, тұрғындардың дені мал асырап, егін салып күнелтеді. Екі қолға бір күрек іздеп ауылдан қалаға аттанғандар да жетерлік. Олардың кейбіреулері бірер жылдан соң қаладан тұрақ таппай, арып-ашып елге оралады. Оларға қарағанда шүкір ғой, қорадағы мал бұларды аш қалдырмайды. Көзін тапса сүттің өзі аз пайда емес. Бірақ соны өткізетін жер таппайсың. Шалғайда жатқан қалаға жеткізу бір қиямет. Ақтамайды.
Жолдың ұзақтығына және боранға қарамастан, жол бойы тоқтап-тоқтап әрең жетті-ау!
Аға-жеңгесі үйде екен. Қасым бұ­ларды қалбалақтап, жейде­шең қарсы алды. Еркін­нің қолын алып, Жібектің бетінен сүйіп, ақсиып күліп жүр. Қуанғаны ғой. Жеңгесі есіктің аузынан күтіп алды. Тысқа шықпады. «Аяздан қорғанып шықпай тұрғаны шығар» деп ойлады Жібек. Әйтпесе, көрмегеніне 3-4 жылдан асқан адамды табалдырықта тұрып қарсы ала ма екен? Бұл да қылтиып бас көтерген Жібектің ойы, бірақ не ойлағанын сездірмеді. Гуляның ерін ұшымен салқын ғана, күнде көріп жүрген сүйкімсіз көршісімен есендес­кендей ишара білдіре салғанын да елемеуге тырысты. Ауылдан әкелген базарлықтарын үйге қолы тоңып жүріп Еркін екеуі тасыды. Қасым жүгіріп жәрдемге келіп еді, «сені біреу телефонға шақырып жатыр» деп әйелі қылқылдап шақырып тұрып алсын. «Жә, жарайды, солай-ақ болсыншы» деп бұған да мән бермеуге тырысқан Жібек жеңгесінің жүзіне үйге кірген соң бір барлай қарап еді жеңгесі тіпті құлпырып кетіпті, бет-аузы теп-тегіс, жылтырап тұр. Оның қасында өзінің бетін майда әжім торлай бастағаны анық байқалды. Ағасының ойында дәнеме жоқ, ауылдың жаңалықтарын сұрап, дабырлап кетті. Гуля болса ауыл­дан келген дәмді тоңазытқышқа ытқытып жатып, қойдың үйітілген басын көрді де, шошып кеткендей кейіп та­нытты.
– Ой, зачем, қой басы, я же купила на рынке, – деді де «осы иістеніп кеткен жоқ па екен» дегендей танауына апарып иіскеп-иіскеп қойды. Сосын «иә, иістеніпті» дегендей тыжырынып Қасымға қарады.
– Қолдан сойған мал емес пе, дәмді болады, – деп жуып-шайып жатыр. Бірақ әйелін қайырып тастай ­алмады. Ағасының алғашқы қуанышына келіп отырған Жібек жеңгесінің бұл қы­лы­ғына да мән бермей, жылы жауып қоя салды.
Кешкі ас үстінде Қасым:
– Гулечка, Жібек әкелген құрт-ірімшіктен салсаңшы дастарқанға, ауыз тиейік, – деп еді, келіншегі көзін бажырайтып:
– Ой, они такие твердые, зубы можно сломать, – деп қозғала қоймады.
– Ой, құрт деген солай қатты болу керек қой, – деді ыңғайсызданған Жібек. Іле артынша:
– Жұмсағы да бар еді, – деді жай сөйлеп. Гуля ерініп басып барып қос уыс құрт әкеп, дастарқанға шаша салды.
Шайдан соң Гуля қонақтарды екінші қабаттағы жеке бөлмеге жай­ғастырды. Жібек жеңгесінің қы­лық­тарына мән бермеуге тырыс­қанымен, көз алдынан оның ты­жы­­рынған бейнесі, жасанды күлкісі кетпеді.
Алыс жолдан шаршап келген Еркін жастыққа басы тие салысымен, қор етіп ұйқыға кетті. Жібек әрі дөңбекшіп, бері дөңбекшіп ұйықтай алмады. Сүр ет жегеннен бе, шөл қысты, аяғын ақырын басып төменгі қабатқа түсті. Ас бөлменің жарығы жанып тұр екен. Күбір-күбір дауыс шығып жатыр. Гуляның дауысы. Анық естіліп тұр: «Қасым, ты посмотри, зачем бізге екі қой, еще, қойдың басы. Так воняет. Мен білдім, что так и будет. Лучше деньгами дали бы. Телевизорда айтты ғой, жол жабық, боран деп, надо же, несмотря на это, келіпті. Оларды біз құдаларға, тойдағы қонақтарға қалай көрсетеміз? Үлкен бастықтар болады, мои коллеги будут». Ағасы бірдеңе деп бәсең ғана гүрің-гүрің етті. Оны тыңдап жатқан Гуля жоқ, одан сайын өрекпіп: «Надо было после свадьбы их позвать» деп ыдыс-аяқты салдырлатып, салдырлатып қойды. Ағасы еркек болып «әй, қойсаңшы» дей алмағанына Жібектің іші күйіп кете жаздады. Билік қатынның қолында екені анық болды. Аяғының ұшымен басып, қайтадан жоғарғы қабатқа көтеріліп, орнына келді. Еркін түкті де сезер емес, сол қорылдаған қалпы.
Төсекке қисая кетті. Ұйқысы қашып, жеңгесінің келіншек болып түскен кезін еріксіз ойлап кетті. «Қасым бір дөкейдің қызын алғалы жатыр екен» деген хабар бүткіл ауылға жайылған-тұғын. Әке-шешесі аянбады, бар жиған-тергенін тойға жұмсады, құдаларды риза етті. Жеңгесі сонда қандай еді, әдемі еді ғой. Көп сөйлемейтін. Талдырмаш, аққұба қыз. Жібектің мектепте жүрген кезі емес пе, жас жеңгесіне ұрлана қарап қояды. Құрбыларына мақтанатыны ше? Гүлнафис деген аты қандай әдемі десеңші! Ағасы еркелетіп Гуля деп еді, бәрі солай атап кетті. Ағасы да мықты, жігіттің төресі. Ұзын бой, қою қара шаш, өткір көз. Несін айтасын, қимыл қозғалысы да, сөйлеген сөзі де өзіне жарасып тұратын. Жібек жеңгесінің жанына жақындап барып, сөйлескісі келетін. Бірақ қазақша қойған сұрағына орысша жауап қатқанына таңғалғаны есінен кетпейді. Қалада өсті дегені болмаса, түптері ауыл адамдары дегенді естіп қалған еді. Сөйткен жеңгесі ұяла ма, әлде өзінің мінезі солай ма, бөлмесіне кіріп алып, қайта шықпай қоятын. Жібек жас қыз болса да, келін болып түскен оның бұнысы әбес екенін жақсы түсінеді.
Үйдің бар тірлігін анасы екеуі бітіретін. Анасы байғұс: «қаланың қызы ғой, әлі-ақ үйреніп кетеді» деп келген-кеткен туыстарының алдында жаңа түскен келінінің қылықтарын жуып-шайып қояды.
Ауылда аға-жеңгесі көп кідірмеді. Еңбек демалыстары аяқтала салысымен Ақтөбе қайдасың деп асыға аттанды. Екеуінің де жұмысы қалада. Гуляның әкесі райпотребсоюздың бастығы екен. Көп ұзамай Қасым мен Гуляға кооперативті пәтер сыйлады. Сексенінші жылдардың аяғында екеуі ұлды болды. Атын Данияр деп қойды. Содан көп ұзамай ел экономикалық дағдарысқа ұшырады. Мекеме атаулы жабылып жатты, жұмыссыздық жайлады. Гуляның әкесі фирма ашып, Қасымды өзіне орынбасар етіп қойды. Тасы өрге домалап, ісі алға басқан ағасы енді кәсіпкер атанды. Сол жылдары Қасым демалыс алса болды ауылға келетін. Жалғыз өзі, соқа басы сорайып. «Гуля шетелге демалуға кетті» деп қояды. Әйелінің шетелге кеткенін дәреже көре ме, әлде жападан-жалғыз келгенін жуып-шайғандағысы ма, сол сөзін әлденеше рет қайталап қояды. Десе де, елде жоқ киім-кешек, қант-шай әкеліп әке-шешесін мәз қылады. Анасы Жібекке: «Қызым, бұйыртса, Ақтөбеге барасың оқуға тү­сесің, елдің қыздары сияқты сен де жо­ғары білім алуың керек» деуші еді-ау.
Өткен-кеткенге ой жүгіртіп жатып көзі ілініп кетіпті. Десе де, ауылдағы әдетіне басып ерте оянып алды. Аға-жеңгесі де таң атпай тықыр-тықыр тіршілікке кірісіп кеткен екен. Таңғы шайдан соң жеңгесіне:
– Жеңеше, мен істейтін не бар? Көмектесейін, – деп еді:
– Жо-жоқ, ешқандай, бәрі ­дайын, – деп қос қолын қайшылап жолатпады. Көп ұзамай Гуляның апа-сіңлілері келе бастады. Жеңгесі тап солардың келуін тосып отыр-ақ екен. Бәрі бір бөлмеге жинала сала, күбір-күбір сөйлеп, «ана алтынды анаған, мына алтынды мынаған» деп, құдды біреулер естіп қоятындай сыбырға көшсін. Жібекпен ақылдасқан адам болмады, тіпті оны адам екен деп көздеріне де ілмеді.
Кешке той басталатын уақыт та келіп жетті. Жібек сөм­кесіне бүктеп салып әкелген киімдерін үтіктеді де, киініп бірінші қабатқа түссе, жеңгесі де әдемі көйлегін киіп, шашын түзеп үлгеріпті. Ол Жібектің алды-артына шығып тез шолып өтті де:
– Ой, мынадай көйлекті қайдан алдың? Сейчас давно уже такие не носят, – деп салды. Бұл сөз оған шаншу қадалғандай әсер етті. Бірақ бұл кемсітуді тағы да елемеген сыңай танытты.
– Тойда үлкен-үлкен қызметтегі адамдар болады, төр жаққа құдалар, үлкен адамдар отырады, а вы же родственники, поэтому берірек, музыканттар жақта болыңдар, көмек­тесе­сіңдер, – деді бір сүйкімсіз дауыс ырғағымен.
Жібек пен Еркін не десін, дас­тар­қанға қойылатын сусындарды, тәтті-пәттілерді, жеміс-жидектерді тасып, көмектесіп кетті. Туған жеңгесінің айтқандарынан онсыз да көңілі құлазып кетіп еді, ол тағы бір ілік тапты. Мейрамхана алдындағы тұрған Еркіннің ескі машинасын көріп, жаны шығып жүгіріп жетсін.
– Ой, что за рухлядь, уберите, қазір мында қонақтар келе бастайды, мына машинаңды көріп шошиды, масқара, уберите немедленно, – деп айқайға басты. Еркін үн қатпастан барды да, көлігін әрірек, ел көзіне түспейтін жерге апарып қойды.
Той басталатын уақыт та келіп жетті. Қонақтар үзіліп-созылып жинала бастады. Өңкей ығайлар мен сығайлар. Әдемі қымбат көйлектер, жалтылдаған жақұт тастар көздің жауын алады. Әр келген қонақты ағасы мен жеңгесі қарсы алып жатыр. Жеңгесі өтірік күліп, келгендердің барлығының көңілін табуға тырысып бағуда, сіңлілері де билеп-төстеп, жайпап жүр. Жібек көзінің астымен ағасына қарады. Ол тіпті қарындасы барын ұмытып кеткендей, қадірлі қонақтары ұсынған конверттерді қол сөмкесіне ытқытып жатып, ыржиып күліп қояды. Бір мезет гүрілдеп той да басталды. Бір қараса, Еркін екеуіне тіпті орын да белгіленбепті. Ал Гуляның туыстары тура құдалардың қасына жайғасқан. Жаны жабырқап, есік жаққа жалтақ-жалтақ қараумен болды. Өз туыстарының ешқайсысы жоқ. Нағашы ағасы, нағашы апасы… ешкім келмеген. Бір реті келгенде: «Ұзақ ағам, Күлән апамдарды шақырмап па едіңіз, келмепті ғой» деп Қасымның құлағына сыбырлап еді, «оларды соңынан, кейін шақырамыз» деді де, құдалар отырған жаққа қарай жорғалай жөнелді. Екеуі бағана жеңгесі ескертіп қойғандай, музыкант жігіт отыратын үстелге келіп тізе бүкті. Еркін маңайына көз тастады да Жібекке аянышты көзбен бір қарады. Ол екеуінің кіре берістегі кішкене ғана үстелде отырғандары көзге бір түрлі оғаш көрініп еді. Ондай жерлерде, әдетте, музыканы реттеп, микрофонды түзеп, тексеріп отыратын адам жайғасады ғой. Жібек өзін аса ыңғайсыз сезінді, Еркіннің жеңінен ақырын ғана тартып қалды да, есік жақты меңзеді. Екеуі ұрлық жасаған адамдай жылыс­тап, дәлізге шықты. Келіншегінің мұңайған жүзін көрген Еркін күрсініп салды. Есік алдында үй күтуші әйел жүр екен. Соған айтып, оны-мұны заттарын алды да, сол бойда ауылға аттанып кетті.

Жол үсті екеуі де тіл қатқан жоқ, үн­сіздіктен мәшине де ауырлап кеткендей. Айналасы бірер күнде көз алдынан өткен той оқиғасы ойынан кетпей қойған Жібектің жанарына мөлтілдеп жас толды. Онысын отағасына көрсеткісі келмейді-ақ, бірақ ол бәрін де сезіп отыр еді. «Дүниедегі ең жақын адам ағам ба деп жүрсем, олай болмады-ау» деді іштей. Оның сонша ынжық болғанына қатты қынжылды. Адамның адамдығына емес, қызметіне, үстіндегі жылтырақ киіміне қарап бағалаған жеңгесіне де өкпесі қара қазандай. Оқтын-оқтын еріксіз уһлеп қояды. Соны аңғарған отағасы: «Не болса соны ойлап уайымдай берме, жүрегіңе күш түседі. Қайынағам азамат қой, Гуляның мінезі сондай ғой… Ол үшін ренжудің қажеті жоқ. Біз өз тарапымыздан қолдан келгеннің бәрін істедік» деп Жібектің көңілін орнына түсіріп қойды.
Кешегідей емес, боран басылған сыңай­лы, дегенмен де әлсіз бұрқасын сезіледі. Толған ай күміс қарға шағылысып, төңі­ректі күндізгідей жап-жарық қылып жібер­ген. Таң атып келе жатыр. Боран күшеймей тұрып, тездетіп ауылға жетіп алу керек.
Жібек тойдан сарқыт ала алмағанын тағы ойлады. «Туған-туыстар мен көрші­­лерден ұят болды-ау! Жарайды, бара салы­сы­мен бір қойды сойып көрші-қолаңды шақы­рармын, тойдың сарқыты дермін, қалған ұсақ-түйекті жолдан Хромтаудан алып кетермін, болмаса тіпті жол бойында ауыл көп қой Бөгетсай, Қарабұтақ, Комсо­мол деген» деп өзін- өзі жұбатып қойды.
Түн ортасына таман той да аяқталған еді. Қонақтар үйді-үйлеріне тарап, Қасым мен Гуля да тойдың тамаша өткенін жарыса айтып, үйлеріне қайтты. «Уһ» деп шаршағандарын басып болған соң, ерлі-зайыптылар тойға жиналған конверттерді ашып қарай бастады. «Е-е, мына конвертті менің әріптесім әкеліпті» деп Гуля ашып қалып еді, ішінен жалғыз бес мың теңге сопаң етіп шыға келді. «Ойбай, мынаусы несі?!» деп бейне жылан көргендей шошып кетті. Сөйтті де, конверттерді бірінен соң бірін аша бастады. Ең көбі екі жүз доллар болып шықты. Оның өзін Қасымның әріптесі әкеліпті. Қалған конверттердің ішінен де мандытып ақша шыға қоймады.Гуля ең соңғы конвертті қолына алды. Басқа конверттерге қарағанда бүйірі тоқ, тырсиып тұр. Ашса, іші тола доллар. Саусағына түкіріп жіберіп, жалма-жан санай бастады. Біреу, екеу, үшеу… мың… мың тоғыз жүз… мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз, екі мың. Мәссаған! Гуля уыс толы долларды шөп еткізіп сүйіп-сүйіп алды да, қутаңдап күйеуіне қарады:
– Мынаны қара, кім әкелсе де, бізге нағыз жанашыр жомарт адам екен. Я догадываюсь, бұл менің кәсіпкер інім ғой. Мен білемін, ол менен ештеңесін аямайды,– деді. Қасым конвертті қолына алып, қыртысын жазып қарай бастады да:
– Мәссаған! – деді екі көзі оттай жанып. Жібектердің әкелгені екен. Міне, жазуы, қара! Жұрт сияқты дабырайтпай-ақ, кішкентай қып бір бұрышына жаза салыпты. Ол конвертті Гуляның көзіне жақын апарып, желпіп-желпіп қойды. «Еркін, Жібек» деген жазуды Гуля да оқып өз-көзіне өзі сенбеді. Басқа бетінен өзге біреудің атын тауып қалармын дегендей аударып-төңкеріп ұзақ үңілді. Қайта-қайта «Не может быть! Не может быть!» деп қайталай берді.Көп конверттің ішінен інісі әкелген конвертті іздеді. Тауып алып тексеріп көріп еді, ішінде отыз-ақ мың теңге екен.
Ал Қасым бұл кезде қолымен жүрек тұсын ұстап, бүрісіп отырып қалған еді. Өкініш өзегін өртеп бара жатты. Соны басқысы келді ме, стол үстінде тұрған аузы ашылған шөлмектен стақанға толтырып құйып алды да, іркілместен тартып жіберді. Өмірі аузына ішімдік атаулыны алып көрмеген Қасымның бұл қылығына әйелі шошына қарады.
– Көзің енді жеткен шығар, – деді шаншылған Қасым. Сен, қатын… сенің кесірің… жалғыз қарындасымды «отырса опақ, тұрса сопақ» қылдың. Тыным бермедің, адам құрлы көрмедің. Өздері күндерін әрең көріп жүріп, сонша ақша әкепті. Теңге емес… доллармен! Жиған-тергенінің бәрін әкепті… жалғыз бауырым деп… жалғыз бауырымның жалғыз ұлы деп… Ал біз… олардың той аяқталмай жатып кетіп қалғанын да байқамаппыз. Олар саған сонша не істеп қойды! Әй, өзім де кінәлімін! Жалғыз қарындасымды саған сыйлата алмадым-ау!
Өмірінде бірінші рет Қасым әйеліне ала көзбен жүйіле қарады.
– Тойда сен оларды іздеу былай тұрсын… оларды өз туыстарың сияқты құдалар жаққа отырғызу былай тұрсын… әдейі қорлап, босағаға, музыканттармен бірге отырғыздың ғой. Сұмырай! Жексұрын! Сенің кесіріңнен қарым-қатынасымыз да үзіліп кеткен болатын.
Қасым жүрек тұсын ұстап креслоға отыра кетті де, өзіне өзі: «Байғұс анам өлер алдында Жібекті маған қатты табыс­тап кетіп еді… ал менің істегенім мынау… Ай, қарындасым-ай, кешірші мені! Ит арқасы қияннан төрт жүз шақырым жерден боранға қарамай келіп едің, ағаңның үйінен адам сияқты сый-сияпат көре алмай кеттің-ау» деп еңкілдеп жылап жіберді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

52 Пікір

  1. жумагазы

    Оте керемет! Агайын туыстын арасындагы карым катынас.Козге жас алатып, ойланатын такырып! Рахмет Максат бауырым.

  2. Жанат

    Максат агай. Сизге рахмет жумыска бир кыз алып келды биздер окып жылап алдык казырги айул билеген заманда коп кездесетин жагдай

  3. Берик

    Сиздин макаладан кейн коп еркектерге ой салар

  4. Анель

    Өте керемет , өмірлік мәні бар әнгіме. Оқыған кезде көзімнен жас ағып кеткен . Рахмет сізге .

  5. Айсулу апан

    Жақсы тақирыпты козгагаңсіз терен ойландыратын өңғіме.екі улым бар,бір өкініштісі қызыммен төрамын….

  6. Куляш

    Ангимедеги Жибектин жане Еркиннин адамгершилиги,мейримдилиги,бауырмалдыгы,сабырлыгы мени катты тангалдырды Недеген ак жаркын кен адамдар.

  7. Ләззат Әбдірова

    Өте әсерлі әңгіме.Осы ңәгімені оқып отырған әйелінің айтқанына қарсы шыға алмайтын ынжық ұлдарға ой салар деп ойлаймын. Мақсат аға осындай өміршең әңгімелер қаламыңыздан туа берсін. Хромтау ауданынан алғаш шыққан қаламгер ретінде Хромтаулықтар өзіңізді мақтан тұтады.

  8. Несіпбала

    Өте жақсы жазылған. Өмірден алынған. Жүрегіңе мұң ұялатады. Өкінішке орай, қуанышыңды су сепкендей басатын осындай жағдайлар жиі ұшырасады. Байлық пен ақшадан басқаны керек етпейтін пенделердің Рухани жүдеулігі. Мүмкін бұдан кейін ұяттары оянар. Жібек пен Еркіннің алдында өздерінің қаңырап бос қалған жан дүниесінің азабын сезінер.
    Мақсат әңгімелеріңіз әрдайым қызықты. Қаламыңыз қолыңыздан түспесін.

  9. Олжас

    Мақсат аға, керемет жазыпсыз, өте әсерлі. Кәзіргі қоғамда жиі кездесетін індет десе де болады. Пенде адам кей кезде мансап, ақшаның соңынан еріп, туған-туыстарын, жақындарын ұмытып та кетеді. Адамға ой салатын, сабақ болатын, оның рухани дүниесін тазартып, күшейтетін, қоғамды түзейтін туындыларыңыз таусылмасын.

  10. Бауржан

    Мақсат аға, тамаша! Өте әсерлі мақала. Аға жалғасы бола ма? Қасым қарындасынан кешірім сұрап бара ма?

  11. Айткул

    Мақсат аға керемет жазылған дүние. шынымен де ой салатын әңгіме.көзіме жас келді. жеңгесі өз алдына бір әңгіме. мен Жібектің күйеуіне риза болдым. Ауылға қайтып келе жатып «Ағаңның тойы осы ма?» деп миын жемей, керісінше Жібектің көңіліне қарап, «жеңгеңнің мінезі қызық қой» деп өзінше жұбатқан болды. өкінішке орай мұндай жағдай көп кездеседі біздің қоғамымызда. Бәрімізде де бауыр бар. Алла абырой берсін. Мақсат аға, тағы осындай жақсы әңгімелер күтеміз. Рахмет Сізге.

  12. Абылай

    Конверттегі ақшаны санағанда соңына қарай бір-бір доллар салғанға қарағанда соңғы ақшаларын аямағаны көрініп тұр-ақ. Соған қарамастан, аты-жөнін байқатпай ғана жаза салыпты. Осыдан ауылдың қарапайым адамдарының әдебі көрінеді.

    Қасым болса, нағыз «подкаблук» екен. Өзінің жеке ойы болмаса, құлақ асатын адамын дұрыс таңдамай ма?! Гулясы болса, «Встречают по одёжке, провожают тоже» дегенмен өмір сүретін, бұл дүниені мақсат қылған ақылы таяз адам екен.

    Керемет! Қызық сериал көріп қалғандай, жалғасын күтеміз!)

  13. Гаухар

    Осы ангемены окып казирге кезде еркектеримиздин усакталып кеткенин коремиз
    окинишке карай, сол себебтен кишкентай азаматарымызды нагыз ер кылып тарбилегенимиз дурыс болар.Озимнин анам бала кезимизде айтатын акен биледы, акенен сура, деген сиякты былай айтканда «авторитет». Улкен маселены котердиниз. Рахмет

  14. Алем

    Шынымен де жақсы жазылған керемет өнер туындысы.Қоғамдағы мәселелер жақсы суреттелген, өмірдің шындығы деген осы болар.Маған қатты ұнады, жалғасын күтеміз.Көп рахмет!!!

  15. Марат Казиев

    Қандай керемет дүние, өмірден алынған жүректі тебірінткен жағдай.
    Көп рахмет сізге, қолыныздан қалам сабыңыз түспей, өмірге көп туындылар әкеле берініз.

  16. Асылбек

    Маган айту онай шыгар мен 34 жастамын али уйленген жокпын,жолдастарыма карасам 2-3 жылдан кейн ажырасып кеткен жие кездеседи. Бириншеде алумет жагдайдайда айелдер казырги когамда оздерин таба билды оларды ата анасы иманшылыка тарбиелесе бесиктен жумак ананын аягынд айел адам ерин сыйласа сауап.Оте жаксы тахырыпты котердиниз осындай ангимелер болып турса биз ер азаматар коп нарсеге ман берер едик .рахмет сизге

  17. оқыған оқырман

    Сенгім келеді. Жазушы қиялы басымдау көрінді. Ниеті игі туынды.Дүниеқұмар, ынжық байына бастық қатындар да бар, рас. Жұрағат арасында кездеседі ғой.Тек байының жылауы…әй, қайдам. Еркек өкінсе, әсіресе анадай подкаблучник өкінсе, іштей сөгілсе, сосын ішіңкіреп алып ірілік, мінез танытса қисынды.Ал жарлылау туыстары соншама ақшаны, долларды апаруы…бірақ өмірде не болмайды. Реалист оңай сенбейді.Десе де, жақсылық жағында тұрғаныңызға ризамыз.Солай болуы тиіс.

  18. Мадияр

    Әңгіме өте керемет, түсінікті тілде жазылған және біздің күнделікті өмірімізде сирек кездесетін жағамсыз факті туралы айтылған. Әрине, әңгімеден түйіндейтін ой орасан және Мақсат ағамыз бауырлар арасындағы қарым-қатынас туралы өте жақсы әңгімелеп берген. Осы ретте Сізге үлкен алғыс айтқым келеді.

  19. Гулмира Мералина

    Кеширим сураймын мына компьютерды казакша шрифт жок екен.
    Макала бар окырман кауымнын назардан тыс калдырмаганы анык. Макаладагы ар корсетилген коринистер (эпизодтар) бугинги куннин асиресе, агайын арасындагы карым катынастын каншалыкты бир-бирине деген курметтилигин ен бир озек жарды маселесы екенин дуп басып келтирген. Осы макаланы оки отырып, шыныменде ер азаматтардын усакталып, бир анадан шыккандыгын естеринен шыгарып алып жаткандыгына киналасын.Мен осы макаланы бирнеше рет окыдым.Типти козиме жас уйирилип шымбайга батса да шындык екенин калай гана иримдеп акелип, талай адамнын козин ашып бергени жасырын емес. Биздин ойымызда калада туратын, орыс тилинде сойлейтин жандар билимды де биликты деп есептеп жатамыз. Олардын аргы жагынан угыныкты кылып карамаймыз, тусинигимизде келмейды. Ауыл адамдарына деген коз карас пен менсинбеушилик ар кез басым.Газет бетине осындай макалалар кобирек жазылса екен.

  20. Серікқазы

    Әсерлі жазылған. Әңгіменің соңында Қасыммен қосылып мен де жылап жібере жаздадым. Адамдар не болып барамыз деп шыңғырғаныңыз ғой, Мақсат аға. Өкінішке орай қазір мұндай жағдайлар көптеп белең ала бастады бізідң қоғамда.

  21. Бекжан

    Ага жазган әнгіменізге раxмет . Оны окып үлкен әсер алдым . Керемет жазылған

  22. Салтанат

    Туыстар арасындағы қарым-қатынас жақсы суреттелген ,өміршең әңгіме екен.Жібектің ағасы Қасым ынжық,әйеліне сөзі өтпейтін ез екен. АЛ,Жібектің күйеуі нағыз азамат. Жоғары білімді,кәсіпкер Қасым мен Гуляға қарағанда мәдениеті,адамгершілігі әлдеқайда жоғары, көпті көрген адам . Жолдың алыстығына және боранға қарамастан бауырым деп келген туыстарын ағасы мен жеңгесі адам құрлы көрген жоқ. Егер, конвертте қомақты қаржы болмағанда, тіпті Қасым мен Гуля олардың тойдан ерте кетіп қалғанын байқамас та еді.Осындай жағдайлар өмірде кездесіп жатады ғой.

  23. Сапарбай

    Керемет екен,Мақсат бауырым! Қаламыңыз ұштала берсін!Тойдың әсері үлкен,ағайынның арасына шоқ тастаған жай болды.Өмірде тым жиі кездесетін жағдаяттар ғой, соны өткір келтіріпсіз…Көзге жас келді.Азаматым,Маке, өрге тарта бер!

  24. Тоғжан

    Осындай жағдайлар өмірде кездеседі. Жібектің ағасын сыйлауы қандай керемет! Бүткіл жинаған ақшасын аямай ағасына берді. Менің өміріме ұқсас екен. Автор өмір шындығын жазған екен.

  25. Aigul

    Ага оте керемет макала,магыналы жогары дарежеде,казирги омирде осындай жануялар бар.Оте Журекке тербетеди,осындай жануялар бар .Окиништи жагдай,Басынан откен жануя окыса(Агалары )бундай жагдайга жеткизбениздер «Бауыр козимиздин акыгымен карасы»козимнен жас келди Ага макаланыз оте тамаша ,жастарга Улги тарбие .Енбегиниз Жанай берсин!!!

  26. арман

    Наверно будет несправедливо говорить что мужчины измельчались.
    Из поколения в поколения женщины решали не только житейские даже политические.

  27. Дина

    Сіздін мақаланызды оқып, үлкен әсер алып отырмын, себебі төрт адам арасындағы қарым қатынасты жақсы ашыпсыз.Еркіндей азаматтар бар болғанына шүкір дейсін ,
    Жібектей бауырмал қарындастан айналасын,Гулядай жеңгеден шошынасын,Қасымдай ағаға өкпелейсін. Қалай болғандада өмір ғой. Сіз ой салдыныз Қасымдай ағалар өз рольны ұмытпау керек «бауыр» Аллахтың алдындада бауыр үшін жауап береміз.

  28. Хадиша

    Айналайын, Мақсатжан! Жақсы тақырып қозғапсың. Осыны бір рет болса да оқыған адам жақсы ой түйер. Кезінде жұбайымның туыстары келгенде сәлем етіп, алдынан шығып, келгеніне қуанатынбыз. Арнайы төркіндетсе ғана баратынбыз. Тастай батып, судай сіңіп кеткенбіз! Қазіргі заман жас келіншектеріне тәрбиелік мәні бар мақалалар көбірек болғаны дұрыс деп ойлаймын!

  29. Сандуғаш

    Керемет жазылған! Сөз жоқ!

  30. Жанар

    Очень поучительно! Только в каком настроениии писал автор?! В надежде, что не повторится такой случай, либо в душе таится обида за сестру.

  31. Алимаш

    О шыркинай жас бала кезимизде Еркежан деп еркелететин женгелер кайда екен? Женген сырласын деп аналарымыз тарбиеледи

  32. Гульнара

    Все вы золовки хотите быть сладенькими и пушистыми.Есть народная мудрость, золовка змеиная головка

  33. Айман

    Ситуации бывают разные, иногда золовки тоже достают, если их несколько. Но тут случаи другой, тут идет речь о воспитанной семье Касыма и Жибек, где мать поручила
    сестренку старшему брату. Везде нужно держать баланс: уважения культуры итд.
    Спасибо автору, за актуальную тему.

  34. Сауле

    Автобуста окып быркылдап жылап калдым.

  35. Гульнара

    Сіздін мақаланызды оқып, үлкен әсер алып отырмын.Макаланы окыганда,сиздин ана тилинде жазылган создериниз,ауа райынын кыскы кубылысын жазганынызда,балалык шагым еске тусти. Бир жылдары атамыз кайтыс омирден кайткен кезде Хромтау каласындагы боранды, аязды кундер еске туседи.Ал жазган ангименизде окыганда, казирги кездеги биздин туыстык катынасымынызда суып бара жаткан катынастарды жондеу керек екен деген ой келеди. Рахмет сизге. Бурын ата-ажелеримиз жаз кезинде барлык немерелерин бирге жинап, оскнде биреуин ага, биреуин ини-карындас болуларын керек деген осиеттерин еске тусиргенинизге рахмет. Агасы бардын жагасы бар, иниси бардын тынысы бар деген макалды да умыткан жагдайымыз бар. Осындай тарбилик манызы бар ангимелерди кобирек жазуынызга улкен тилек билдиремн. Колыныз талмасын,Аллах сизге куш куат берсин. Елимизде туыскандык карым-катынас мыкты, берик болсын

  36. Іңкәр

    Барлық еркектерге күшті ескерту екен. Әйелді бастан дейді ғой, басынан әйелі басынған екен байғұсты. Жібек болса нағыз жанашыр қарындас, бұл оның 2000 доллар бергенінен ғана емес, оның қайтқан уақыттың өзінде ағасының абыройын ойлағандығынан білуге болады.

  37. БАХЫТ

    МАКАЛАНЫЗ КАТТЫ УНАДЫ .ОЙ САЛАРЛЫК .КАСЫМ СИЯКТЫ ЫНЖЫК АГАЛАРГА» МЫН РАХМЕТ!».ЖАЛГЫЗ КАРЫНДАСЫН ЖЫЛАТЫП …ЕР АДАМ СОЛ АТКА САЙ БОЛУЫ ТИЫС,МЕНИНШЕ .БИРАК МУНДАЙ ЖАГДАЙЛАР,ОКИНИШКЕ ОРАЙ , ШЫНАЙЫ ОМИРДЕ ДЕ ЖИЫ КЕЗДЕСЕДИ.

  38. Құралбай

    Мақсат! Керемет! Сіз осы мақалаңызда ағайын-туыс,әрбір қазақтың жанұясында болатын жағдайды көрсеткенсіз!Өкінішке орай,бұндай жағдайлар біздің ортамызда бар.Әрі қарай мақалаңызды жалғастыруыңызды сұраймын.

  39. Индира

    Мақсат аға! Маған сіздің мақалаңыз өте ұнады,көңілімнен шықты,біздің ортамызда осындай жағдайлар өте жиі кездеседі.Осы сіздің мақалаңыздан кейін көп оқырмандардың көзқарасы өзгереді деген сенімдемін,сізден жалғасын асыға күтемін…

  40. Нагима

    Здравствуйте,Маке! До глубины души затронул меня ваш рассказ.Вы грамотно показали какая трудная и сложная жизнь в ауле.Но несмотря на жизненные невзгоды,Жибек не потеряла человеческое достоинство и здесь она показывает какие должны быть родственные чувства и уважение к своему брату,к его семье. Ваш рассказ показывает таким,как Гуля,что не все измеряется деньгами и я очень надеюсь,что ей было стыдно и она раскаивается в своем поступке.Жду с нетерпением и интересом продолжения вашего рассказа.

  41. Ляззат

    Мақсат аға! Әңгімеңіз керемет,рахмет сізге!Жылап алдым,енді тырысам әдемі жеңге болуға.Сау болыңыз!

  42. Еркінғали

    Мақсат аға,әңгімеңіз әсерлі екен. Жібектің ағасы-Қасымды оның істеріне,жеңгесі-Гуляның жағымсыз қылығына қарамастан, тылсым табиғаттың қатты боранына қарамастан қолынан келген көмегін аямай,»Бауыр етім-бауырым үшін»,-деп жүрген Жібекке ескерткіш қойсада артық болмас. Лайым осындай қазақтың ұл-қыздары көп болсын

  43. Өмір

    Маған ұнамады

  44. Нургуль

    Максат ага, макаланыз катты унады! Казipгi заманда бундай отбасылар туралы оте коп естимiн… эрине окiнiштi…. Ата -анамыз тату кылып ocipiп, барынша жаксы тэрбие бередi. Дегенмен, Гуля сиякты кiciлер — бауырлардын арасын 5 минуттын арасында суытып жiбередi((((

  45. Серікбай

    Өмірден алынған эпизодтар. Әйел ақылды болса, жігіт те жайдары жүрер еді. Бірақ, ақша ақылдан адастырады.

  46. Сәлима

    Маған ұнамады, кейбір тұстары шындыққа жанаспайды!

  47. Еркегүл

    қызық әңгіме екен

  48. оқырман

    Осындай жеңгелер өмірде бар ма екен? Әңгіме қызық екен, ұнады.

  49. читатель

    К сожалению дома престарелых переополнены в основном родителями сыновей и виноваты в этом снохи и часто страдают родственники мужа.
    Часто мы мужчины не замечаем мелочи во взамотношение родственников.Этот правдивый рассказ раскрыл мне глаза.

  50. Муздакова Армангуль,Аққұдық

    Мен осы мақаланы оқыған кезде көзіме еріксіз жас келді.Себебі,қазіргі кезде адамдар ақша,дүние,мансап қуып кеткен кез.Адами құндылықтар ұмытылған уақыт.Өкінішке орай қазіргі таңда бауырлар арасындағы қарым-қатынас,бауырмалдылық,қарапайымдылық қасиеттер мүлдем жоғалған.Бірақ,соған қарамастан жүректері мейірімге,сүйіспеншілікке толы азаматтар да аз емес.Егер осы мақаланы көпшілік қауым оқыса,олардың бір-бірімен қарым-қатынастары,адамгершілік қасиеттері нығая түседі деп ойлаймын.

Келесі Бет 1 ден 2 дейін

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.