«Жұлдыздар тоғысқанда»

Жуырда Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы режиссер С. Снежкиннің «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. 

Шараға ҚР Мәде­ниет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин, Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Владимир Мединский, сонымен қатар екі мемлекеттің көрнекті мәдениет және өнер қайрат­керлері қатысты.
Айта кетейік, Елбасының өмірі мен қызметі туралы фильмнің көр­сетілімін РФ Мәдениет министрлігі ұйымдастырды. Министр В.Ме­динс­кийдің арнайы шақыруы бойынша шараға қазақстандық мәдениет ведомствосының бас­шысы да қатысты.
Фильм сюжеті бойынша Қазақ­стан Президенті оның өмір­баянын жазу үшін келген ағылшын жазушысы Джереми Вильсонмен кездеседі. Алайда жоспарланған сұхбат журналист пен Елбасымыздың Қазақстан бойынша ұзақ сапарына айналып кетеді. Вильсон қазақ елін аралап қана қоймай, 1950, 1986, 89, 1991 жылдардағы оқиға­лар туралы хабардар болады. Ел кар­тасындағы кез келген жер Президентіміздің өмірінде ерекше орын алады. Публицист Нұрсұлтан Назарбаев баяндаған оқиғалардың қатысушысы мен күәгеріне айналады.
Фильмдегі басты тұлға – Елбасы рөлін – танымал қазақстандық актер Берік Айтжанов сомдады. Сондай-ақ, фильмнің түсіріліміне Қарлығаш Мұхамеджанова,Алексей Гуськов,Дарья Мороз, Хью Фрейзер, Игорь Угольников, Сергей Гармаш, Қарлығаш Мұхамеджанова және өзге де актерлар қатысты.
Еске сала кетсек, «Жұлдыздар тоғысқанда» биографиялық драмасы Қазақстан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Елбасы жолы» кинодәуірна­ма­сының жалғасы болып табылады. Фильмнің Қазақстандағы тұсаукесері үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде өтсе, Ресейде алғаш рет Мәскеу қаласының Кино Үйінде 16 мамырда көрсетілді.
Фильм көрсетілімі аясында В.Михайлов пен Т. Мансұровтың «Нұрсұлтан Назарбаев» кітабының тұсауы кесіліп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі 2017-2019 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарла­масына қол қойылды.

Бекбол ЕСТАЙ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.