Басқа планетада тіршілік бар ма?

Еуропалық астрономдар Жерге ең жақын экзопланетаны тапты. Экзопланета деп тіршілікке қолайлы жағдайы бар ғаламшарларды атайды. Проксима Б деп аталатын бұл аспан денесінің мөлшері Жермен шамалас. Альфа Центавра шоқжұлдызында орналасқан осы ғаламшар Күн жүйесінен 4,2 жарық жылы қашықтықта орналасқан.
Соңғы жиырма жылда ғалымдар ғарышта үш мыңнан аса экзопланета ашқан. Алайда көбісі өте алыс орналасқандықтан, оларды мұқият зерттеу мүмкін емес. Ал жаңа ашылған ғаламшарға адамдар мінген үлкен кемені емес, салмағы бірнеше грамнан аспайтын нанороботтарды жіберуге болады. Осындай көлемдегі құрылғыларды жасауға жол ашатын технологиялар жақында ғана пайда болды. Жер бетіндегі алып лазер берген күшті үдетудің арқасында олар қазіргі ғарыш кемелерінен бір мың есе асатын жылдамдықпен жетуі тиіс. Осы экзопланетаның пішіні мен шығу тегі Жерге өте ұқсас. Ол Юпитер секілді газ шары емес, сол себептен адамдар оның бетінде қиналмай тұра алады. Онда сұйық түрде су болуы мүмкін. Демек, тіршілігі де болуы ықтимал.

Нұрлан Құмар

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

9 Пікір

  1. Аноним

    Тамаша

  2. рахат

    салеметсыздерме маган катты кажет быр сурак болып тур ол Баска галамшарда омыр барма деген сурак отынемын тезырек жауап жыбере аласыздарма отынышшшшш

  3. Аружан

    ☺️керемет қатты ұнады!!!!

  4. Аноним

    Оте керемет

  5. Аноним

    Рахмет

  6. Аноним

    неге былай емес يسكتﺼﺼﮕﭫﯤﺖﮢﮱﯤ ﭲﮚﺹﺼﮕﮱ ﻁﺹ ﭫﯤﺖﮢﯔ ﭲﮚﺹﺼﮕﭫﯤﺖﮢﯔﭫﮱ ﻁﺹﺼﮕﭫﻱ ﯤﺖﮢلخدمة اشغالكم نقدم لكم

  7. Гүлдана

    Тамаша қатты ұнады молодцы👍👍👌😚

  8. Viber

    Ғарышта өмір қашан басталады? Мәліметтер өтініш

  9. Айганым

    Маган катты унады сиздерге рахмет

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.