Имандылық жолындағы күрескер

Алаштың ардақты азаматы, қоғам қайраткері Халифа Алтайдың (1917-2003) есімі жұртшылыққа жақсы танымал. Ол көзі тірісінде рухани тұлғаларымыздың бірі болатын. Халифа Алтай Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен атажұртқа қоныс аударды. Елге оралысымен исламның асыл қазынасы мен қасиетті байлығын халқымыздың санасына жеткізу үшін аянбай қызмет етті. «Құран Кәрімнің» қазақша мағынасы мен түсініктемесін басып шығарды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған «Инабат» имандылық-тәрбие орталығының төрағасы болғандығы, Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізгені көпшіліктің есінде. Қайраткер ағамыз бірнеше еңбектердің авторы. Бұл туындылардың жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде, патриоттық рухқа баулуда, туған жердің қадірін терең түсінуде маңызы зор. Халқымыз Халифа Алтайды ел ішінен шыққан белгілі тұлға, имандылық жолындағы күрескер ретінде бағалайды. Осы фото-шежіреде Халифа Алтай көрнекті ақын Әбділда Тәжібаев, жазушы Қалдарбек Найманбаев және басқа да қаламгерлермен бірге.
( Х. Алтайдың Моңғолияға сапары жөніндегі материалды газетіміздің 9-бетінен оқи аласыздар)

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.