Халық қаһарманы – даңқ тұғырында

Елорда төрінде Рақымжан Қошқарбаевқа арналған ескерткіш бой көтерді

Елордамызда 1945 жылы Рейхстагқа ту тіккен қазақтың батыр ұлы Рақымжан Қошқарбаевқа еңселі ескерткіш орнатылды.
Салтанатты шарада Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қала тұрғындарын ескерткіштің ашылуымен құттықтап, ескерткіш Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін мәңгілік ету үшін ашылып отырғанын айтты. «Оның есімі өскелең ұрпақтың жадында ерліктің символы ретінде сақталуы керек, сол себепті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында елордада аты аңызға айналған нағыз жауынгерімізге арнап ескерткіш орнатылды» деді Е.Аманшаев.
11-метрлік монумент қаладағы Б.Момышұлы мен Р.Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан. Ескерткіштің авторы – «Қазақ Елі» монументін жасауға қатысқан белгілі мүсінші Асқар Нартов.
Тұсаукесер шарасына арналған жиынға батырдың туған қызы Әлия Рақымжанқызы мен немерелері, сондай-ақ лейтенант Қошқарбаев туралы кітаптың авторы – Қасым Аппасұлы қатысты. Жиналғандар қазақ жауынгерінің мүсініне гүл шоқтарын қойды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Сабырғали Ғұмар

    Рақымжанның Рейхстагқа тіккен туы Кеңестік Қызыл ту еді ғой, ол түс неге өзгертілген? Осы жай түсініксіз.
    Атырауда Махамбет пен Исатайға орнатылған ескерткіште екеуі де жорық киімдерін киген. Солай бола тұра Махамбет ат үстінде жалаңбас отыр! Мұны қалай түсінуге болады?! Қазақ жігіттері, әсіресе балуан-батыр жігіттер, ат үстінде жалаңбас отырмаған, ең болмағанда бастарын орамал тәрізді матамен байлап алған.
    Жалпы қазақтың атақты ұл-қыздарының жасалған қазіргі заманғы мүсіндеріне қарасақ, олардың біразында осындай шындықты бұрмалау деректері кездеседі.
    Бұрмалау болмауы үшін мүсіндердің жобаларын БАҚ, интернет не басқа жолдармен Қазақстан халқына таныстыру керек, елдің пікірін білу керек, бұған қазірде толық мүмкіндік бар ғой!
    Р.Қошқарбаев — нағыз батыр, бүкіл қазақтың мақтанышы! Алайда, Ол ерлігін ҰОС-ы кезінде көрсетті ғой. Ендеше сол кездің шындық дерегін өзгерту кімге не пайда береді? Керісінше, соны істеп отырған біздерге (батырлардың рухына) әртүрлі қаңқу сөздер айтылып, зияны тиуі әбден мүмкін.
    Ескерткіштің орнатылуын өз басым тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды, зор тәрбиелік мәні бар оқиғаның бірі деп бағалаймын.

  2. Lynsey

    re old slave fool uts & anon 1359:when i compliment that gifted sheer rebel poet fpi do so openly and proudlyas all i post hereinthat anon was correct and au!tsnhictkudoe!

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.