Зұлмат Жылдар жаңғырығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Мәңгілік Eл» қайраткерлері» тақы­рыбында белгілі ақын Ғалым Жайлы­бай­­мен шығармашылық кездесу өтті. Оны Архив басшысы Б.Жапаров сөз сөйлеп ашты.
Кездесуде Ғ.Жайлыбайдың үзеңгілес әріп­тестері, белгілі ақындар Кәдірбек Құны­пияұлы, Қасымхан Бегманов, Әбубәкір Қайран болды. Олар ақынның шығармашылығы мен азамат ретіндегі ерекше қырларын әңгіме етті.
Кездесуде КарЛАГ деген атпен әйгілі Қара­ғанды аумағына салынған лагерь, ондағы тұтқындардың жан азабы мен тән азабы туралы жазылған «Қара орамал», 1932 жылдары осы лагерді салуға жер босату үшін Жаңаарқа ауда­нының аумағындағы Түгіскен деген жерден Шу өзені бойына күштеп көшірілген бір қауым ел туралы баяндалған «Тамакөшкен» поэмалары туралы әңгіме болды. Архивтің бас сарапшысы А.Сейсенбаева тақырыпқа сай баяндама жасады.
Кездесуге қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, архивистер қатысты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.