Жыр алыбы – Жамбыл

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен дауылпаз ақын, айтыстың асқан шебері, жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті. Салтанатты кеште сөз сөйлеген қала әкімі Бауыржан Байбек асқақ рухты ұлы тұлғаның қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетінің сақталуына, ата-бабамыздан аманат болған халық жырларының насихатталуына өлшеусіз үлес қосқандығын атап өтті. Ал белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин уақыт өткен сайын, заман алға жылжыған сайын жас ұрпаққа Жамбыл бабамыз тәрізді халқымыздың ұлы тұлғаларын насихаттау қажеттігін атап өтті.
Әсем әнмен әрленген, күмбірлеген күймен көм­­керілген кеште М.Әуезов атындағы ­Әде­биет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан ақынның өнегелі өмірі мен шы­ғармашылығы туралы баяндама жасады. Жыр алыбына арналған кеште Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі мен Жамбыл Жабаевтың шөбересі Бекмұрат ­Жамбылов, Мақпал Тоқтағанова, Жасұлан Сахаев, Ерболат Шалдыбеков, Айдана Анапияева және басқа жыршылар өнер көрсетті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.