Білімнің қарашаңырағындағы игі бастама

Жақында  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымының докторы Марфуға Абсатованың ұйымдастыруымен «Табыстылыққа жол» атты  педагогикалық идеялар фестивалі өтті. Мұндағы негізгі мақсат – болашақ педагогтарды жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, өзінің біліктілігін көрсетуге үйрету, білім беру процесіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу. Фестивальға университеттің магистранттары қатысты.

Математика, физика және информатика институтының, физика мамандығының І-курс магистранттары Гүлшат Нысан мен Мадина Мұқаш «Жеке тұлғаны қалыптастыру факторлары» атты тақырыпта сабақ жүргізді. Бейнежазбалар көрсетіліп, қоғамның әр саласындағы қызмет жасайтын маман иелерінің сұхбаты ұсынылды. Инновациялық технологиялардың көмегімен жаңа әдіс-тәсілдер арқылы шәкірттердің білім деңгейін анықтауға мүмкіндік берілді.

Педагогика және психологиясы кафедрасының меңгерушісі Ұ.Әбдіғапбарова бастаған қазылар алқасы  фестивальдің өз мақсатына жеткенін атап көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, болашақ жоғары оқу орындарында сабақ беретін бүгінгі магистранттарды  жаңашылдыққа, шығармашылыққа, білімге, кәсіби шыңдалуға баулыған шара мәнді де тағылымды болып шықты.

Шарбат Қайдарбек, 

Математика, физика және информатика

институтының физика мамандығының 1-курс магистранты

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.