Тәжірибелерімен бөлісті

Биылғы жылы еліміз үшін маңызды оқиға — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтуде.
Осыған орай оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың дарыны мен талантын, қабілеттерін жетілдіру мақсатында Жамбыл облысы Қордай ауданы №20 Алмалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері нәтижеге бағытталған жұмысты жоспарлы іске асырып отыр.

Аудандық білім бөлімінің оқу әдістемелік кабинеті мен №20 ­Алмалы орта мектебінің ұйымдас­тыруымен «Білім беру мазмұнының жаңа­шыл­дығын оқушы дарыны мен талантын анықтау мен қалыптастыруға бағыттау» тақы­рыбындағы аудандық семинар-практикум өтті. Семинарға қамтылған аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері тәжірибе бөлісіп, ашық сабақтарға қатысты.
Семинардың секциялық бөлі­мінде Қ.Ахметова, Г.Төкеева жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете білді. Іс-тәжі­рибемен бөлісу бөлімін Р.Білдебаева мен А.Үмбетбаева жүргізді.
Ұстаздар тәжірибелік сабақтарда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана білудің тиімділігімен бөлісті.
Семинар концерттік бағдар­ламаға ұласып, Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт есте қаларлық іс-шараға айналды. Оған мектеп оқушылары, педагогтар қатысты. Оқушылардың ішінен дараланып жарып шыққан ­5 ­сынып ­оқушысы Ернұр ­Сапиев болды. Семинарға атсалысып, озық тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер аудандық білім бөлімінің сертификаттарына ие болды.

Нәзира НҰРАЛИЕВА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.