Дәурен Абаев осы аптада онлайн-тіркеу іске қосылатынын айтты

Астанада PaperLab пікір-талас клубы ұйымдастырған уақытша тіркеуге қатысты жиында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгін Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығында қайтыс болған азаматтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне  сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

 «Бүгін Алматыда Жарас Кунтаков есімді азамат қайтыс болды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бүгін қайтыс болған кісіге көмек бірден көрсетілген. Осының алдындағы жағдайдан кейін кезекші дәрігер сұрағанбыз. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы күшейтілген режимде кешкі сегізге дейін жұмыс істеп жатыр. Бұл процесс қаңтар айының соңына дейін жалғасады. Қазіргі кезде белгілі бір деңгейде кезектің азайғанын байқадық», -деді Абаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 250 мың адам уақытша тіркеуден өтіп үлгерген. Алдағы уақытта онлайн тіркеу өз жұмысын бастайтын болады.

«Біздің министрлікке қатысты айтылып жатқан сын негізінен онлайн-тіркеуге қатысты. Осы аптаның соңына дейін онлайн-тіркеу мәселесі өз шешімін табатын болады. Теxникалық жағынан «Ұлттық ақпараттық теxнология» АҚ қамтамасыз етеді. Ал тапсырыс беруші – Ішкі істер министрлігі. Олар өз тарапынан белгілі бір қадам жасаса, онлайн-тіркеу өз жұмысын бастайды деп ойлаймын», — дейді министр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.