«Өр Торғай – ерлік мекені»

Астанадағы «Marriott» қонақүйінде журналист Абылай Маудановтың «Өр Торғай – ерлік мекені» атты жаңа кітабының таныс­тырылымы өтті. Кітап осындай тақырыпта ұйымдастырылған экспедицияның жүріп өткен жолын, өңірдегі тарихи ескерткіштер жайлы құнды деректерді, осы барыстағы экспедицияның атқарған істерін арқау еткен.

«1916 жылғы халық көтерілісі. Өткен жылы осы көтерілістің 100 жылдығына орай ұйым­дастырылған «Өр Торғай – ерлік мекені» экспедициясының құрамында болып, Ақмола-Қарағанды-Қостанай облыстары аумағындағы 2500 шақырым жолды жүріп өттім. Міне, сол мағыналы, мәнді сапардың әсерімен, көрген-түйгенімді баян еткен жолжазбамды оқырманмен бөлісіп отырмын. Бүгінгі жас ұрпақ ел тарихын терең танып, бабаларымыздың өр рухын үлгі етіп өссе деп ойлаймын» дейді кітап авторы. Аталған шараға тарихи экспедицияның ұйымдастырушылары Жомарт Түбекбаев, Мейрам Айдаболов, Біржан Мешелов және тарих ғылым­ының кандидаты Құрманғали Дәркенов және т.б. қатысып құнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.