Игі жұмыстар қуантады

Алматы қаласының «Білім саласындағы бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру бағытында көптеген жұмыстар атқарып келеді.

Департамент басшысы Гүлнәр Ермекбаева 2016 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесін тілге тиек ете келе, басты мақсат білім сапасын арттыру екенін айтты. Осы мақсатта соңғы 2 жылда 218 мемлекеттік аттестациялау шаралары өткізілген екен. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің этикасын жоғарылатуға бағытталған семинар-сабақтары жүргізіледі. 2016 жылы 113 мемлекеттік білім беру орындарының 82-сі аттестацияланған.
Мекемеде қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруге үнемі көңіл бөлініп отырады. Бұл орайда Б.Үсенов, Н.Оразбаева сынды мамандар мемлекеттік қызметшілерді қайта ­ даярлау және біліктілігін арттыру орталығында дайындық курсынан өткен. Бұл тұрғыда департамент ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне әр ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөнінде тексерістер нәтижесін таныстырып отырады. Г.Ермекбаева сонымен бірге бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу конкурстары барлық талаптарға сәйкес жүзеге асырылып келе жатқанын жеткізді. Мәселен, жуырда Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы С-О-4 санатты лауазымға байқау жарияланып, комиссия төрағасы Б.Үсенов, мүшелері С.Еспаева, Ұ.Мылтықбаева, М.Бакиров байқауға қатысуға тілек білдірген 4 үміткерге бейіндік білім, ­ынталандыру, психологиялық сауалдар қойып, іріктеуден өткізді. Комиссия шешімімен лауазым иесі әділ түрде анықталды.

Ақбота ИСЛӘМБЕК

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Орал

    Игі жұмыстар қуантпай не істемейді.Көз сарапшы.Байқалады.Алдағы уақытта тек толағайлы жеміс тілеймін.

  2. Досым

    Білім жүйесін жаңартамыз деп, сынға қалуда ғой көбіне. Балаларымызға да оңай емес. Әуелі түбегейлі ойланып барып, жаңарту енгізу керек қой.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.