Қаламгердің көптомдығы

«Фолиант» баспасынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстан­ның А.Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты, айтулы ақын, шебер прозашы әрі дарынды драматург Баянғали Әлімжановтың он екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Бұл кітаптарда қаламгерлердің әр жылдары жазылған таңдаулы лирикалық өлеңдері, толғаулары мен эпикалық жырлары және поэмалары, пьесалары, прозалық дүниелері, ­айтыстар, балаларға арналған туындылары, әдеби мақалалары мен естеліктері, сондай-ақ орыс тіліндегі шығармалары топтастырылған.
Шуағы да, қуаты да бар, өмір-тіршіліктен түйгені көп, тілі түсінікті әрі құнарлы туындылар өмірдің өзіндей сыр шертеді. Кейде болмыс, тағдыр, кісілік жайлы ауыр ойға сүңгітіп алып, азаматтық, адамгершілік, ғұмырлық мұрат жайлы толғанысқа жетелейді.
Автор шығармаларында өмір шынды­ғын, қоғам бейнесін шынайы әрі көркем кестелейді, күлдіре отырып күрсіндіреді һәм ойландырады. Алуан түрлі тағдырлар, ақ пен қараның бітіспес айқасы, сан түрлі өмір сынақтары шынайы бейнеленген көркемдік қуаты күшті жазбалар ешкімді бейжай қалдырмасы анық.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Жадыра

    Кітапты қайлан алсақ болады?

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.