Тасбөгет мектебінің белесі

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі 70 жылдан аса тарихы бар №11 орта мектебі білікті ұстаздарымен, жаңашыл жастарымен көзге түсіп, 2016-2017 оқу жылында «мектеп-лицей» атағына ие болды. Ұжымның абыройын биікке көтерген бұл атақ білім ордасының ұстаздар қауымы мен білімді шәкірттерінің жемісі екені анық.

Әсіресе осы мекеменің білім беру сапасы ай­тар­­лықтай нәти­желі. Мектеп-лицей директоры ­Ба­тырбек Әбиев Қазақстан Республикасының жал­пыға міндетті білім беру стандартының талаптарын, оқу жоспарларының орындалуын тұрақты назарда ұстайды. Мектеп басшылығы материалдық-техникалық базаның нығайтылуына көңіл бөліп, ғимарат күрделі жөндеуден өтті.
Білім ошағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ-ның бірлескен Даму бағдарламасы аясында «Мектеп оқушыларын зерттеу жұмыстарына тарту жолдары» атты әлеуметтік жобасы бойынша арнайы грант жеңіп алды. Осы қаражаттың арқасында қазір сирек кездесетін құстар: тауыс, қырғауыл, үкі, бүркіт, мысыр тауықтары өсірілуде. Сонымен қатар жылыжай орнатылып, тамшылатып суару әдісімен қызанақ, қияр, құлпынай және басқа көкөністер егіліп, оқушылар биология пәні бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.
Мұғалімдер оқушылардың жаңа технологияларды иге­руіне ерекше көңіл бөледі. Жылу жүйесі мен элева­тор жаңартылып, пайдалануға берілді. Күн көзінен электр энергиясын өндіретін арнайы құрылғы жұмыс істеп тұр.
Аталған білім ордасында ауыз судың сапасын жақсарту, оны қайта өңдеуге арналған қондырғылармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта мектеп ұжымы осы бағыттағы іс-шараларды одан әрі жалғастырмақ ниетте. Мектеп түлектері арасында Қазақстанның түкпір-түкпірінде түрлі мамандық иесі болып, ел алдында абыройлы қызмет жасап жат­қан шәкірттер көп. Ұстаздар түрлі республикалық, облыс­тық олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, сайыс­тарда, жүлделі орындар алып жүрген білімді, өнерлі шәкірттерін мақтан етеді.

Нұргүл Файзуллаева,
№11 мектеп-лицейдің
әлеуметтік педагогы
Қызылорда

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Lovie

    Great post with lots of imnotrapt stuff.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.