Ағылшынша ағып тұрған Сағынтаев пен Байбек жұртты таңғалдырды

Кеше 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары аяқталды. Алматыда ресми түрде жабылу салтанаты өтіп, алау 2019 жылғы қабылдаушы мемлекет – Ресейге берілді, деп хабарлайды Baq.kz  тілшісіне  сілтеме  жасаған  kazgazetaz.kz.

 Құрметті қонақтардың қатарында Қазақстан Республикасының Премер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен FISU төрағасы Олег Матицын болды.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы өзінің мыңжылдық тарихымен екі аптаның ішінде спорт сүйер қауымның сүйікті қалаларының біріне айналғанын атап өтті. Салтанатты шарада Үкімет басшысы үш тілде еркін сөйлейтінін аңғартты. Әсіресе ағылшыншаны акцентсіз сөйлеуі жұртты таңғалдырды.

Сондай-ақ Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) туын келесі қысқы Универсиаданың астанасы – Красноярскіге табыстаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек те ағылшын тілінде сөйледі. Шаһар басшысы студенттер ойындарына 21 мемлекеттен 3 мыңнан астам ерікті қатысқанын атап өтті.

Айта кетейік, кеше 10 күн бойы Алатау баурайындағы жанкүйерлер мен көрермендерге спорттық атмосфера сыйлаған Универсиада ойындары аяқталды. Студенттер ойындарында 12 сайыс бойынша 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпы командалық есепте Ресей командасы топ жарды. Олардың еншісінде 28 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль бар. Екінші орында Қазақстан құрамасы жеңіп алды. Отандастарымыз 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медальды еншіледі. Үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді. Бұл елдің спортшыларында 11 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль бар.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.