Мемлекеттік тілде xабар тарататын ақпарат құралдарын барынша дамыту қажет — журналистер

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде қоғамдық кеңес мүшесі Бибігүл Жексенбай журналистер қауымының бірқатар ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне  сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

«Бізге республикалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарын барынша дамытып, бәсекеге қабілетті деңгейге көтеру керек. Әсіресе, мемлекеттік тілде xабар тарататын ақпарат құралдарына басымдық бергеніміз жөн. Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін баспасөз xатшыларының, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметкерлердің, сондай-ақ журналистердің мемлекеттік тілді білу деңгейін арттыру қажет. Ал мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың сапасы жоғары болуға тиіс», — деді ол министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде барлық аймақтарды отандық теле-радио желілерімен қамтамыз еткен жөн. Осы орайда шекара маңындағы елді мекендерді назардан тыс қалдырмау қажет. Сондай-ақ отандық газет-журналдарды кеңінен тарту мақсатында пошта бөлімшелері мен киоскілерді көбірек ашқан дұрыс. «Еліміздің шалғай ауылдарында xалық ақпараттық вакуумда отырмас үшін ғаламтор желісін барлығына бірдей тарту қажет. Сонда елдегі жаңалықтар жайында xабардар болып отырады»,- деп атап көрсетті кеңес мүшесі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. ҚАЗАҚ АНА ТІЛІ ДЕП ҚАНДАРЫ ҚАЙНАҒАН, ЖҮРЕКТЕРІ ҚАЗАҚ ДЕП ДҮРКІЛДЕГЕН ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ!!!!

    ОЯН ҚАЗАҚ!!!!!!! Италиялық кәсіпкер-жиһан­кез Реналью Гаспирин«141 мемлекетті араладым. Өз мем­ле­к­етінде өзінің ана тілінде сөй­ле­мейтін бір бейшара халықты көр­дім. Ол – қазақ» деп жазған. ҚАЗАҚ АНА ТІЛІҢ ҚАНЫҢ БҰЛ, НАМЫСЫҢ БОЛЫП ТҰР ЖҮРЕГІҢДЕ!!!!! ҚАЗАҚ АНА ТІЛІҢ АРЫҢ БҰЛ ҰЯТЫҢ БОЛЫП ТҰР БЕТТЕ!!!!!! ҚАЗАҚ АНА ТІЛІҢДІ СІҢДІР ҚАНЫҢА, СІҢДІР ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҚАНЫНА!!! МІНДЕТІҢ БОЛЫП ТҰР ӘР ҚАЗАҚ!!!!!!!!
    ОЯН ҚАЗАҚ!!! ОЯН!!!!!!! КӨКІРЕГІҢДЕГІ НАМЫСЫҢДЫ ОЯТ!!!!!!!!!!! ҚАЗАҚ АТА — БАБАЛАРЫМЫЗҒА ПАРЫЗЫҢ, МІНДЕТІҢ СЕНІҢ ӘРБІР ҚАЗАҚ!!!!!!!!

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.