Сағынтаев білім саласындағы ІТ жобаларды жұртшылықпен талқылауды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев білім саласындағы перспективті ІТ жобаларды жұртшылықпен талқылап, ұсынылған жүйелердің кемшіліктерін жою шараларын қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды  Anatili.kz .

 Отырыс барысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім берудің барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерін – Ұлттық білім беру деректері базасы, электронды күнделік, жинақ бухгалтерия және ЖОО-лардың бірыңғай ақпараттық жүйесін біріктіру жоспарланған 4 электронды платформаны таныстырды.

Сонымен қатар, білім жүйесінде жаңа технологияларды енгізу мәселесі бойынша министрлер мен Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері сөз сөйледі.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев барлық ұсынылып жатқан жаңалықтар егжей-тегжейлі пысықтауды және педагогика мен ата-аналар қоғамының арасында кеңінен талқылау жүргізуді талап ететінін атап өтті.

Министрлер мен әкімдердің баяндамаларының қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев Білім және ғылым министрлігіне жағдайға талдау жасап, жүйенің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына енуіне қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.