Құмырсқаның пайдасы қандай?

Бір жұп құмырсқаның ұр­пағы бір жыл ішінде 120 миллиондай жәндік, 150 мыңдай жұл­дызқұрт жейді. Ал бір жазда бір илеу құмырсқаның, 5 мил­лион ағаш зиянкестерін жоя­тын­дығына ғалымдардың көзі жеткен.
Құмырсқаның тіршілік әрекеті күшті болу үшін 30-35 градус ыстықтық қажет. Бұдан басқа дүниеде бал беретін құмырсқалар да кездеседі. Олар да бал жинау кезінде аралар сияқты жер кезіп, шірне жинайды. Бірақ құмырсқа балы қышқыл болады. Бал беретін құмырсқалар Австралияда және Орталық Америкада кездеседі. Құмырсқа балынан салқын сусындар, емдік дәрі-дәрмектер жасалады. Тіпті осы бал беретін құмырсқаларды ауызға салып кәдімгі шекілдеуікше шағып жейтін де ел бар. Құмырсқа балды ара сияқты ұяда емес, өз бойларында жинайды. Сондықтан бал жинаған кезде құмырсқалар торсықтай болып, семіріп кетеді де, өте дәмді болады.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.