Телескопқа жол ашық

Қытайда «FAST» деп ата­ла­тын әлемдегі ең үлкен­ те­­лескоп бар. Осы нысан­ды тамашалауға бұдан былай туристер де кіре алады екен.
Телескоптың қалыпты жұмыс істеп тұруы үшін радиусы бес шақырымды алып жатқан жер «тыныш­тық алаңы» ретінде белгі­ленген. Бұл деген сөз таяу маңында мобильді құ­­­рылғылардың бар­лық түрлері қолданылмай­ды. Сондықтан туристер ұялы телефондарын, фотоаппараттарын және өзге де электронды құ­рылғыларын кіре берісте қалдыруы тиіс екен. Күн сайын телескоп аймағына екі мың адам келе алады. «FAST» өткен жылдың қыркүйек айында аспан асты елінің оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында ашылған болатын.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.