Мемлекет басшысы Шаһиттер аллеясына барды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алау мен Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Әзербайжанның азаттығы мен аумақтық тұтастығы жолында қаза тапқан батыр перзенттері жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қойды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.