«Кітапханадағы ғажайып түн»

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық уни­верси­тетінде Ғылым күніне орай «Кітап­ха­надағы ғажайып түн» атты әлеуметтік-мәдени акция өтті.

Аталған іс-шараны өткізудегі басты мақсат, университет көлемінде өтетін «Ғылым жылын» негізге ала отырып, оқырмандарды кітап оқуға тарту, кітапхана жұмысына жаңа екпін беру, осы шара арқылы оқырмандармен жүздесу, кітап оқу және университеттің интеллектуалды шығармашылық әлеуетін көтеру болды.
Университеттің бірінші проректоры Б.Алиев сөз алып, кештің сәтті өтуіне тілегін білдірді. С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханаларының директорлары А.Асанова, Н.Имансыдықова, Алматы Энергетика және байланыс институтының кітапханашылары, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының өнерлі студенттері және т.б. қатысты.
Кітапхана фойесіне келген қонақтарды кітапханашылардың өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдары, атап айтқанда «Этноауыл», «Шеберлер қаласы», «Мен талантты, креативті жаспын», «Әуенді тап», «Сіздің сүйікті кітабыңыз», «Ғажайып ағаш» атты әдемі үйлестірілген бұрыштар қызықтырды.
Кеш соңында белсенді қатысқан оқыр­мандарға, кеш қонақтарына түрлі сыйлықтар мен Алғыс хаттар тапсырылды.

Бағдагүл МҰРАТҚЫЗЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.