Оқулыққа түзету енгізілсе

Бастауыш сыныптың оқулығындағы қате аудармаларға қатысты наразылық сипатындағы әңгіме аз емес. Бұл мәселе тіл мамандары тарапынан радио хабарларынан да, республикалық «Ана тілі» газетінде де талай мәрте көтерілгенін білеміз.

Білімнің іргетасы әдетте бастауыш сыныпта қалыптасатыны белгілі. Ал сол оқушылардың оқитын кітабының мазмұны ұғы­нық­ты әрі жеңіл болғаны жөн. Жуырда 1-сыныпқа арналған «Сауат ашу» оқулығының екінші тарауына көзім түсті. Автор­лары – Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас.
Әрмен қарай парақтап көрдік. Түрлі-түсті суреті, безендірілуі заманауи үлгіге сай келеді. Баланың дүниетанымын кеңейтуге септігін тигізетін дүниелер де жоқ емес. Дегенмен, оқулықтың ішіндегі бірер сөзі де жаңсақ жазылған екен. Бұл компьютерлік қате ме, жоқ әлде корректордың қателігі ме, белгісіз. Аталған оқулықтың 28-ші бетінде әртүрлі көкөністің суреті салыныпты. Тақырыбын көрнекі әрі ірі әріппен: «көгеніс» деп жазып қойыпты. Дәл осындай сөзді тағы бір бетінен кездестіруге болады. Дұрысы «көкөніс» еді ғой деп ойладық та қойдық. Суреттер топтамасының қатарынан сәбізді де көзіміз шалды. Суреттің дәл жанына ап-анық етіп «ұзынша» деп жазып қойғанына таңғалдық. Сонда қалай? «Сәбіздің атауы өзгеріп кеткен бе?» деген ойға қаласың. Капустаны да бірде «орамжапырақ», бірде «қырыққабат» деп атап жүргенін білеміз. Ал дүниетанымы мен ой-өрісі енді ғана қалыптаса бастаған бүлдіршін бала жаңағыдай екіұшты баламалы аударманың қайсысын қабылдамақ? Айтпағымыз, оқу құралдарында кездесетін мұндай олқылықтарға жол бермеуіміз керек.

Нұрлыбек ТӨРЕГЕЛДИН,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Ақмола облысы
Ерейментау ауданы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

3 Пікір

  1. Айзада

    Осы тақырып қаншама рет қозғалып, мәселе болып жүр. Кемшіліктер қашан жойылады?

  2. Амангелді

    Осы жайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында жазылуындай жазылып келеді.Нәтижесі жоқ,Бұл шіркіндерге сонда не көрінді.»Су тасушы қыз» деген өлең бар.Соны оқулыққа енгізген.Ағайындар-ау онда орысша сөздер бар ғой,басқа өлең құрып қалғандай,ана тіліміздің қолдану аясы тарылып келе жатқанда,мұны неге енгізген.Қазірдің өзінде жас өспірімдеріміздің тілі шұбарланып бара жатыр,ал мынау барып тұрған көзсіздік.Әлеуметтік желіні (интернет) ашып қалсаң болды «Ғ»,»Ң»,»Ө»,»Қ» әріптерінің орнына Г,Н,О,К сияқты орыс әріптері жазылып,сөйлем құрамдары берекесіз болып шығады.Орыс пен қазақ арасынан басқа бір тілде сөйлейтін ұлт пайда болды ма деп ойға қаласың.Оқулықты жазғандарға қатаң талап қойылмаса бара-бара не болатынын бір жаратқаным біледі.Ішетін астарын жерге қоятын,мен қазақпын дейтін білікті-білікті ғалымдарымыз,ұлағатты ұстаздарымыз,зиялы қаум бар,солар неге жазбайды
    25 жылда оқулықтарды бір жөнге келтіруге болады ғой.Бұған кім кедергі жаса отыр.Ойланайықшы ағайындар!?

  3. Амангелді

    Осы жайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында жазылуындай жазылып келеді.Нәтижесі жоқ,Бұл шіркіндерге сонда не көрінді.»Су тасушы қыз» деген өлең бар.Соны оқулыққа енгізген.Ағайындар-ау онда орысша сөздер бар ғой,басқа өлең құрып қалғандай,ана тіліміздің қолдану аясы тарылып келе жатқанда,мұны неге енгізген.Қазірдің өзінде жас өспірімдеріміздің тілі шұбарланып бара жатыр,ал мынау барып тұрған көзсіздік.Әлеуметтік желіні (интернет) ашып қалсаң болды «Ғ»,»Ң»,»Ө»,»Қ» әріптерінің орнына Г,Н,О,К сияқты орыс әріптері жазылып,сөйлем құрамдары берекесіз болып шығады.Орыс пен қазақ арасынан басқа бір тілде сөйлейтін ұлт пайда болды ма деп ойға қаласың.Оқулықты жазғандарға қатаң талап қойылмаса бара-бара не болатынын бір жаратқаным біледі.Ішетін астарын жерге қоятын,мен қазақпын дейтін білікті-білікті ғалымдарымыз,ұлағатты ұстаздарымыз,зиялы қаум бар,солар неге жазбайды
    25 жылда оқулықтарды бір жөнге келтіруге болады ғой.Бұған кім кедергі жасап отыр.Ойланайықшы ағайындар!?

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.