Тұғырлы тұлғаға арналады

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Дулат Исабековтің сценарийі негізінде Балуан Шолақ туралы толықметрлі көркем фильм түсірмек. 

Киносценарий М.Әуезов атын­дағы қазақ мемлекеттік академия­лық драма театрында сахналан­­ған «Жаужүрек» пьесасының желісі бойынша жазылған.
Қазіргі таңда түсірілім тобы то­лықтай жасақталған. Дайындық ке­зеңінде тұрған түсірілім фильмге қажетті киімдерді тігіп, реквизиттер әзірлеп, декорациялар жасалып жатыр. Фильмнің түсірілімдері Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында өтеді.
«Мен Балуан Шолақ өміріне 1998 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында оқып жүрге­німде қатты қызықтым. Сол кезден бастап ол туралы фильм түсіргім келді. Балуан Шолақтың бойында ақындық, серілік, әншілік және алып қара күш те бар. Оның еліне, жеріне, Отанға деген махаббаты әр­қайсымызға үлгі боларлық. Менің ойымша бүгінгінің жастары Балуан Шолақтай ұлт тұлғасын білуі тиіс» дейді фильм режиссері Нұргелді Садығұлов.
Фильмнің сценарийі бірнеше жыл бойы жазылғанына қара­мас­тан, қайта өңделген. Түсірілім тобы фильмнің сапалы шығуы мақса­тында кеңесшілерді тартқан. Олардың қатарында: көркем­дік жетекшісі С.Нарымбетов, көр­кем­дік кеңесшілері Е.Төлеутай, Б.Ыстыбаев, Б.Беделхандар бар.

Аяжан Тілеуберген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.