Бала тәрбиесі отбасынан басталады

Ұл мен қыздың тәр­биесі, ең алдымен, ата-анаға жауапкершілік жүктейді. Сон­дықтан әрбір ата-ана өмірге әкелген қызы мен ұлдарының жақсы азамат болып өсуіне жауапты екендіктерін естен шығармағаны дұрыс.

Көбіне ата-аналар біз жұ­мыс­та күні бойы жүрміз, қы­зымыз және ұлымыз кәмелет жасында, бірі оқуда, бірі жұ­мыста дегенді сылтауратып, олардың жүріс-тұрысына онша мән бере бермейді. Әсі­ресе мектептің жоғары сы­нып оқушы­ларының ата-аналары да осындай жағдаймен ба­ла­ларының сабақтан кейінгі уақыттарын бақылаудан тыс қалдырады. Кейбір ата-аналар қазір жас­тардың заманы ғой, олар еркін жүріп-тұруы керек деген пікірден шыға алмай, мұның аяғы сол жастардың бұзықтық жолға түсуіне әкеліп соғады. Кейде, ұс­таздарды кінәлап жататынымыз рас, олар тәрбие бере алмады дейміз. Бірақ ойлап қараған адам мектепте бала­лардың сабаққа барып-келуі небәрі алты сағаттан аспайды. Қалған уақытта олар ата-аналарының көз алдында болуы керек емес пе. Сондықтан әрбір ата-ана ұл мен қызының кіммен дос-жолдас екендігін, үйге қашан келгендігін, ­қо­сым­ша қандай сабақтарға, я болмаса қандай істермен айналысатынына көзін жеткізіп отыруы керек. Егер, кешкілік, түнемелік кешігіп қалса дереу іздестіріп, достарының үйіне хабарла­сып, қайда болғаны, қайда жүр­генін анықтау қажет. Сонда ғана ба­ла­лардың тәртібініе, тәр­биесіне едәуір өзгерістер енеді. Олардың жақсы істермен айналысуына мүмкіндік туады.
Шынын айту керек, қалада өскен балалар мен ауыл­дық жердегі жастардың ара­сында үлкен айырмашылық бар. Ауыл­­дың жастары қанша дегенмен тәрбие тізгінін көріп өс­кен­дік­тен жөнсіздікке, бұзықтық­қа бара бермейді. Ал қаланың жастары көше бұ­зарларды, бұрыш-бұрышта тұрып арақ ішіп, темекі шеккен­дерді көріп, соларға кейде қо­сылып кететіні бар. Сөйтіп, бірте-бірте олар есірткі дәмін татуға дейін барады да ақыры мейірімсіздікке, қатыгездікке ұрынады. Дәл қазіргі уақытта қатыгездіктің себептері өте көп. Соның бірі ең алдымен есірткіге тәуелділік. Оған еліккен жастар қаржат таппай өз үйіндегі мүлікті ұрлап сатуға, анасының тығып қойған ақшасын ұрлап кетуге бейім тұрады. Содан кейін анасының, әкесінің зейнетақысына жармасады. Қайта-қайта мазалайды. Ақыры бермей қойса ата-анасына қол жұмсайды. Міне, нағыз қатыгездік осындайдан шығады.
Тәртіп пен тәрбие бір адам­ның қолы­нан келмейді. Бұған бүкіл қоғам болып атсалысу керек. Жастардың осындай жолға түсуіне байланысты ашық әңгімелер айтылуы қажет. Оған қоғамдық ұйым өкілдері, құқық қорғау мекемелерінің азаматтары, ата-аналар, ұстаздар қауымы қатысып, бұзықтық жолға түскен немесе түсе бастаған жастарды алып келіп әңгіме ашық айтылса бүгінгідей қатыгездіктің өріс алмауына жол ашылатыны анық. Кейбір жастарымыздың жан түршігерлік жағдайға барып жатқаны кімді болса да жайсыз қалдыра алмайды.

Киікбай Ізетұлы,
ардагер

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

5 Пікір

  1. Ғазиз

    Автор пікірі дұрыс айтылған. Қолдаймын, әрине. Қараусыз қалған жасөспірімдер теріс қылықтарға тез бой алдырады.

  2. Айтуған

    Қанша дегенмен, ауылдың тәрбиесі бөлек қой. Оны қаланың тәрбиесімен салыстыруға келмейді. Ауылдың жастары қалаға келіп, бұзылады.

  3. Аноним

    Баланың қандай болатыны біріншідең əке шешесінің мінезінең байланысады. Онаң кейің тəрбіедең . Шешесіңе қарап қызың ал .Акесіңе қарап улың ал дегең сөз қалғаң .

  4. ораз

    Баланың қандай болатыны біріншідең əке шешесінің мінезінең байланысады. Онаң кейің тəрбіедең . Шешесіңе қарап қызың ал .Акесіңе қарап улың ал дегең сөз қалғаң .

  5. Әлия

    Баланы шыншылдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа, имандылыққа тәрбиелеп өсірсе, жаман әдеттерден аулақ болатыны сөзсіз. Қазір баладан бұрын, оның әке-шешесіне тәрбие керек сияқты көрінеді.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.